YouTube және TikTok: 2025 жылы Қазақстандағы балалар қандай қосымшаларды ең көп қолданады

«Kaspersky зертханасының» сарапшылары 2025 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанда балалар ең көп уақыт арнаған сервистерді талдап, кең таралған киберқауіптер туралы ескертті.
*Kaspersky Safe Kids қызметінің мәліметі бойынша, 2025 жылдың алғашқы үш айында балалар көбінесе мессенджерлер, қысқа видеолар көруге арналған қосымшалар мен ойын сервистерінде уақыт өткізген. Олардың арасында алғашқы орында YouTube тұр – балаларең көп қолданатын он қосымшаның ішінде дәл осы платформада өткізген уақыт 30%-ды құрайды. Екінші орында — TikTok (16%), ал үшінші орында — WhatsApp(14%). Сонымен қатар ТОП-ондықтың қатарында Roblox, Agent+, Telegram, Brawl Stars, Chrome, YouTube Kids және Instagram бар. Ап, компьютерде балалар уақыттарының басым көпшілігін - Chrome (32%), Microsoft Office (14%) және Microsoft Edge (11%) қосымшаларында өткізген.
Kaspersky зертханасы сарапшыларының анықтауынша,балалардың осы қызығушылығын білген алаяқтар аталған қосымшаларды өз схемаларында белсенді қолданатынын ескертеді. Шабуылдар көбінесе мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асады. Бірақ зияндыконтентке басқа платформаларда да тап болу ықтималдығы жоғары — мысалы, видеолардың пікірлерінде немесе оқушылар арасында танымал ойын форумдарында.
Ата-аналар мен балалар алданып қалатын қауіптіалаяқтық тәсілдер
Аккаунттарды жалға беру және банк карталарын сату. Мессенджерлерде, әлеуметтік желілерде немесе онлайнойындар платформаларында алаяқтар жасөспірімге «ақшатабуды» ұсынып, мессенджердегі пайдаланылмайтын аккаунт немесе банк картасын қолдану туралы ұсынысайтуы мүмкін. Кей жағдайда жаңа карта ашуды сұрайды. Бірақ мұндай ұсыныстар өте қауіпті, өйткені алаяқтар бұлаккаунттар мен карталарды заңсыз әрекеттерге пайдаланады. Ата-аналар аккаунт немесе карта арқылы жасалған әрекеттер үшін карта иесі жауапты болатынын баласына түсіндіруі керек.
Ата-ананың ақшасы мен жеке деректерін ұрлау. Кей балалар интернетте жеке ақпаратты ашық бөлісуге бейім. Алаяқтар осындай мәліметтерді пайдаланып, ересектерге шабуыл жасай алады. Айталық, фишингтік хабарлама жіберіп немесе әлеуметтік инженерия әдісі “аңыз” ойлаптабуы мүмкін.
Қауіпті челлендждер. Бұл – балалар мен жасөспірімдер үшін әлі де үлкен қауіп. Соңғы кезде мұндай челлендждерге тарту жолдары сан түрлі. Алаяқтар баланы қауіпті әрекеттер жасауға мәжбүрлеу үшін, жеке суреттері мен видеоларын көпшілікке жария етемін деп қорқытуы мүмкін,. Олар «әлсіз емес екеніңді дәлелде», «қадам жаса – мазаламаймыз» сияқты сөздермен, жасөспірімнің атынан жалған аккаунттар немесе топтар құрып, психологиялық қысым жасауы мүмкін.
Kaspersky зертханасы, балалардың онлайн қауіпсіздігі бағытының жетекшісі Андрей Сиденко былай дейді:
«Алаяқтар трендтерді мұқият бақылап, әртүрлі танымал қосымшалар мен сервистерді өз пайдасына қолданады. Олардың схемаларын кейде ересектердің өзі түсіне бермейді, ал жас өспірімдер тіпті де осал. Әсіресе, емтихан кезінде күйзеліскүшейіп, ақпаратты мұқият тексеруге мұршалары болмай қалуы мүмкін. Сол себепті, ата-аналар балалармен онлайн қауіпсіздік ережелерін үнеміталқылап, интернеттегі қауіптер туралы ашық айтуықажет. Ең маңыздысы — бала қандай да бір қиын жағдайға тап болса, оны жасырып қалмай, үлкендерге айта алатынын, өзін әрдайым қолдайтынын білуі керек. Бұл әсіресе кибербуллингке немесе қауіпті челлендждерге қатысуға мәжбүр болған жағдайда аса маңызды».
Балаларды интернеттегі қауіп-қатерден қорғау үшін«Kaspersky зертханасы» мынадай кеңестерұсынады:
• Балаңызға аккаунттарды қауіпсіз ету жолдарынтүсіндіріңіз, күрделі құпиясөз ойлап табуға және екіфакторлы аутентификация орнатуға көмектесіңіз;
• Балаңыз жиі қолданатын ойындар мен қосымшалартуралы сұрап, олармен танысыңыз — бұл оныңқызығушылығын түсінуге және сенімді қарым-қатынасорнатуға көмектеседі;
• Kaspersky Safe Kids сияқты ата-аналық бақылауорнататын бағдарламаларды пайдаланыңыз.