Жаңа құрылғылардан 3 есе арзан: қазақстандықтар қолданылған гаджеттерде қалай үнемдейді

Қазіргі заманғы үрдістер техника сатып алу туралы көзқарасты өзгертуде: қазақстандықтар бұрынғыдан да жиірек қолданыста болған смартфондар мен ноутбуктарды таңдай бастады. Бұл бетбұрыс саналы тұтынуға деген ұмтылыспен байланысты болуы мүмкін: адамдар қаражатын үнемдеп, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға тырысады. Қолданылған техниканы сатып алу тек қаржы жағынан тиімді ғана емес (жаңа құрылғылар айтарлықтай қымбат тұрады), сонымен қатар гаджеттердің өмірлік циклін ұзартуға және экологиялық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. OLX платформасының аналитикалық қызметі ұсынған деректерге сүйенсек, Қазақстан бойынша ескі техникаға, әсіресе смартфондар мен ноутбуктарға деген сұраныс жылдан жылға артып келеді.
OLX аналитикалық қызметінің мәліметі бойынша, қолданылған техника жөніндегі хабарландырулардың ең көп шоғырланған қаласы — Алматы. Одан кейін едәуір алшақ көрсеткіштермен Астана, Шымкент, Павлодар және Қарағанды қалалары орналасқан. Алматы мен Астана бірігіп, ел бойынша қолданыста болған техника ұсыныстарының шамамен 70%-ын құрайды. Бұл қалалардың тұрғындары өзара құрылғыларды жиі сатады немесе айырбастайды. Үшінші орында – Шымкент, одан кейін Павлодар мен Қарағанды. Бұл бестіктегі қалалар қолданылған техника нарығындағы барлық хабарландырулардың 85%-дан астамын қамтиды.
Мұндай географиялық шоғырлану бірнеше факторлармен түсіндіріледі: ірі қалаларда құрылғылардың түр-түрі көп, техниканы жаңалау жиі кездеседі, сондай-ақ жергілікті нарықтағы баға мен сапа арақатынасы оңтайлы. Ал шағын қалалар мен ауылдық өңірлерде белсенділік әзірге төмендеу болғанымен, қолданылған электроникаға деген қызығушылық бұл жерлерде де біртіндеп артып келеді.
Сондай-ақ, бұл бес қалада қолданылған құрылғылардың медианалық бағасы жаңа техникадан әлдеқайда төмен. Мысалы, смартфондар орта есеппен 30 000 теңгеден басталатын бағамен ұсынылады. Павлодарда қолданылған смартфонның медианалық құны шамамен 60 000 теңгені құраса, Алматы мен Астанада бұл көрсеткіш 70 000 теңгеге жуықтайды. Бұл бағалар танымал үлгілермен тікелей байланысты: 60 000 – 80 000 теңге аралығында көбіне Android-смартфондар (мысалы, Samsung) кездеседі. Ал Apple өнімдері (iPhone 13, 14, 15 және т.б.) қымбат — мысалы, iPhone 16 Pro құрылғылары 450 000 – 500 000 теңге және одан жоғары бағамен сатылады. Дегенмен, iPhone мен Samsung — OLX хабарландыруларындағы ең жиі ұсынылатын және сұранысқа ие брендтер.

Ал ноутбуктар керісінше, көбіне Apple смартфондарына қарағанда арзанырақ. Қалалар бойынша медианалық бағалар 80 – 160 мың теңге аралығында. Lenovo мен Acer — бюджеттік сегментте (80 000 – 110 000 тг), Asus пен HP — орташа деңгейде (110 000 – 160 000 тг), ал MacBook пен басқа брендтердің премиум үлгілері көбінесе 250 000 – 300 000 теңгеге дейін сатылады. OLX деректері бойынша, Apple, Asus және Lenovo ноутбуктары — сенімділік, функционалдылық және баға тиімділігі жағынан көш бастап тұр.

Осылайша, қазақстандықтар қолданылған техниканы бірнеше себеп бойынша таңдайды. Біріншіден, үнемшілдік: қолданыста болған смартфондар мен ноутбуктар жаңа өнімдерден айтарлықтай арзан, смартфонды кейде жаңа құрылғыдан 2–3 есе төмен бағаға сатып алуға болады. Екіншіден, практикалық тұрғыдан тиімділік: заманауи құрылғылар бірінші иесінен кейін де жоғары функционалдылығын сақтайды. Үшіншіден, саналы тұтыну тренді: ескі құрылғыларды қайта айналымға енгізу арқылы ресурстарды тиімді пайдаланып, электронды қалдықтардың көлемін азайтуға мүмкіндік туады.
OLX платформасындағы ұсыныстар тұрғысынан алғанда, бұл — кең таңдау мүмкіндігі дегенді білдіреді. Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды және Ақтөбе тұрғындары өз құрылғыларын тиімді бағамен сатып немесе сата алады. Apple, Samsung, Asus, Lenovo сияқты танымал брендтер нарықтағы техникалық айналымды жандандырып отыр, ал платформа статистикасы бұл сегментке деген қызығушылықтың артуын айқын көрсетіп отыр. Соның нәтижесінде, қолданылған техника нарығы рекорд жаңартуда: қазақстандықтар “қолдан” сатылатын өнімдерге көбірек көңіл бөліп, тек бағаны емес, сонымен қатар өз пайдасы мен қоршаған ортаға әсерін де ескеріп отыр.