Жаңа Салық төлеушінің кабинетімен қалай жұмыс істеуге болады?

Жаңа Салық төлеушінің кабинетімен қалай жұмыс істеуге болады?

2025 жылдың 13 қаңтарынан бастап Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) жаңа Салық төлеушінің кабинетін (СТК) іске қосты. Бұл жаңа салықтық әкімшілендіру ақпараттық жүйесінің (СААЖ) аясында жасалды. Енді қазақстандықтар салықтық құжаттарды тек осы платформа арқылы алады, деп хабарлайды МКК баспасөз қызметі.

Жаңа СТК арқылы қандай құжаттар жіберіледі?

Жаңартылған жүйе арқылы пайдаланушылар көптеген хабарламалар мен шешімдерді ала алады, соның ішінде:

• салықтық есептілікті салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынбау туралы хабарлама;

• салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама;

• кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар мен пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама;

• дебиторлардың банктік шоттарындағы ақшаға өндіріп алу шараларын қолдану туралы хабарлама;

• міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы туралы хабарлама;

• әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасы туралы хабарлама;

• аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек сомасы туралы хабарлама;

• салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органының бұйрығы;

• шығыс операцияларын қайта бастау туралы бұйрық;

• салық төлеушінің (салық агентінің), кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар мен пайыздар бойынша берешегі үшін мүлкіне билік етуге шектеу қою туралы шешім;

• мүлкіне билік етуге шектеу қою және мүлікті түгендеу актісін жою туралы шешім;

• әлеуметтік аударымдардың төлеушісінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы бұйрық;

• агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы бұйрық;

• аударымдар және (немесе) жарналардың төлеушісінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы бұйрық;

• салық заңнамасының бұзушылықтарын жою туралы хабарлама;

• жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарлама;

• қоршаған ортаға эмиссия үшін есептелген төлем сомасы туралы хабарлама (қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде).

Жаңа кабинетті қалай пайдалану керек?

2025 жылдың 13 қаңтарынан бастап жасалған құжаттар тек жаңа СТК СААЖ-да қолжетімді болады. Олар ескі Салық төлеушінің кабинетінде қайталанбайды, бірақ ескі жүйедегі хабарламалар журналы бұрын алынған құжаттарды қарау үшін ашық қалады.

Нұсқаулықтар мен қолдау

Қолданушылардың ыңғайы үшін жаңа СТК-да тіркелу және жұмыс істеу бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулықтар дайындалды. Оларды табуға болады:

• МКК-ның YouTube арнасында.

• Кабинеттің «Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат» бөлімінде.

TSARKA қолдауымен