Жасанды интеллект дәрі-дәрмек жеткізуді жоспарлап, жалған рецептілерді анықтайтын болады

Жасанды интеллект дәрі-дәрмек жеткізуді жоспарлап, жалған рецептілерді анықтайтын болады

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үдерістерін оңтайландыру және қауіпсіздікті арттыру үшін жасанды интеллектті белсенді түрде енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов хабарлады.

Электрондық рецепт жазу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйелерін медициналық ақпараттық жүйелерге интеграциялау нәтижесінде рецепт рәсімдеу уақыты екі есеге қысқарды.

Сонымен қатар, «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында цифрлық құралдар — «e-Densaulyq», «Halyk», «БСК», Face ID және SMS-кодтар арқылы 708 медициналық ұйымда 10 миллионнан астам электрондық рецепт жазылған. 

TSARKA қолдауымен