Жасанды интеллект институтына қанша грант бөлінгені белгілі болды
Қазақстан мен Корея бірлесе құрған жасанды интеллект институты қазақстандықтарға 100 грант бөлді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.
Министрліктің хабарлауынша, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен Сеул Ұлттық Ғылым және Технологиялар университеті бірлесе құрған Жасанды интеллект институты төрт білім бағдарламасы бойынша 100 білім грантын бөлген. Яғни, бұл бойынша әр маман жасанды интеллект арқылы заманауи оқыту әдістерін қолдана отырып, білімін жетілдіре алады. Олар:
6B01501 — Информатика — (25 грант)
6B06101 — Ақпараттық жүйелер (АИ) — (25 грант)
6B06303 — Киберқауіпсіздік (AI) — (25 грант)
6B06102 — Компьютерлік бағдарламалау және бағдарламалық жасақтама — (25 грант)
Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефондарға хабарласыңыз:
+7 701 412 7539 (WhatsApp)
+7 775 517 6668 (WhatsApp)