Министр Жаслан Мәдиев АҚШ-тың ірі компанияларымен серіктестік орнатпақ
Министр Жаслан Мәдиев бастаған ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің делегациясы АҚШ-та жұмыс сапарымен жүр. Онда барудағы негізгі мақсат - NVIDIA, Microsoft, Amazon, Space X және т.б. әлемдегі жетекші технологиялық алпауыттармен серіктестік орнату және нығайту.
Министрлік таратқан ақпаратқа сүйенсек, іс-сапар барысында Қазақстан тарапы АҚШ үкіметімен бірқатар келіссөздер жүргізіп, серіктестік орнатады.
Сонымен қатар қос тарап IT-компаниялар мен венчурлік қорлардың кеңселеріне баруды және байланыс, цифрлық инфрақұрылым, деректерді жіктеу, бұлтты технологиялардың басымдылық саясаты (cloud-first policy), елдің халықаралық байланысы (connectivity) және т.б. мәселелерді талқылауды жоспарлап отыр.
Бұдан бөлек министр Жаслан Мәдиев әлемнің жетекші компанияларында қызмет ететін қазақстандықтармен (Digital Nomads IT өкілдері) кездеспекші. Ол мамандармен жолығып, Орталық Азия стартаптарына арналған жаңа акселерациялық бағдарламаларды іске қосу үшін Кремний алқабындағы Silkroad Innovation Hub-қа баруды көздеп отыр.
TSARKA қолдауымен