ЖИ-терапевт, телемедицина және смарт-жетондар: Денсаулық сақтау министрлігі медицинадағы жаңа цифрлық шешімдерді таныстырды

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінде денсаулық сақтау жүйесіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу мәселелері талқыланды. Кездесуге Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен «қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин қатысты.
Не таныстырылды?
ЖИ-терапевт — бұл Ақмола облысының бірқатар медицина ұйымдарында сынақтан өтіп жатқан интеллектуалды сервис. Ол дәрігер мен пациент арасындағы диалогты нақты уақытта талдайды, 80%-ға дейін дәлдікпен алдын ала диагноз қояды және дәрігердің қағаз жұмыстарын 40%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Мобильді телемедициналық қосымша — денсаулық жағдайын қашықтан бақылауға арналған құрал. Оның көмегімен қан қысымын, пульсті, дене температурасын, оттегі мен глюкоза деңгейін қадағалауға болады. Ерекше назар — дәрігерлерге қолжетімділік шектеулі ауылдық жерлерде қолдануға бөлінген.
Смарт-видеожетондар — медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттыруға арналған құрылғылар. Олар Астанадағы бес жедел жәрдем бригадасында тестіленіп жатыр және жақын арада Алматыда іске қосылады. Жетондар шақырту барысын бейнетаспаға жазып, төтенше жағдай туындағанда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Министр Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтауды цифрландыру — жай ғана үрдіс емес, қажеттілік екенін атап өтті:
Бағдат Мусин «қазақтелеком» атынан медицина мекемелері үшін бейнебақылау, дабыл түймелері және ІІМ жүйелерімен біріктірілген кешенді қауіпсіздік жүйесін ұсынуға дайын екенін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар пилоттық жобаларды кеңейтіп, медициналық инфрақұрылымды цифрлық трансформациялауды жеделдетуге келісті.