ЖИ жаңа жұмыс орындарын құрудың драйверіне айналуы тиіс

ЖИ жаңа жұмыс орындарын құрудың драйверіне айналуы тиіс

Президент: ЖИ әлеуеті жаңа жұмыс орындарын құруға пайдаланылуы тиіс

Өз сөзінде ол еңбек нарығының сөзсіз трансформациясын да атап өтті.

«Бүгіннің өзінде көптеген мамандықтарды автоматтандырылған жүйелер біртіндеп ығыстыратыны айқын. Бұл жұмыс күшінің айтарлықтай бөлігінің босап шығуына және дағдылары ескірген мамандар санының артуына әкеледі. Бұл – өте маңызды мәселе. Егер оны шешпесек, жұмыссыздықтың өсуі, өмір сүру сапасының төмендеуі және теңсіздіктің күшеюі сияқты әлеуметтік салдарлардың қаупі артады. Дегенмен, ЖИ бұл мәселені шешуге де ықпал ете алады. Жасанды интеллект технологиялары жұмысшылардың кәсіби құзыреттерін талдап, олардың мықты жақтарын анықтап, ең тиімді даму жолдарын ұсына алады. Алдын ала әрекет ету қажет: кадрларды қайта даярлау мен біліктілікті арттыруға кең мүмкіндік жасау керек. Бұл үшін қыруар бюджет қаржысын жұмсап, ірі қайта оқыту орталықтарын құрудың қажеті жоқ. Жасанды интеллект әлеуетін дұрыс пайдалану маңызды. Негізгі міндет – жұмыс орындарын жоғалту қаупін миллиондаған азаматтар үшін мүмкіндікке айналдыру. Басқаша айтқанда, жасанды интеллекттің зор әлеуеті жаңа жұмыс орындарын құруға, адами капиталды нығайтуға және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге бағытталуы тиіс. Үкіметке ЖИ негізінде босап шығатын жұмысшыларды болашақ мамандықтарға қайта даярлайтын ұлттық онлайн-платформаны іске қосуды тапсырамын», – деді Президент. 

TSARKA қолдауымен