Жеке практика тіркеуі eGov.kz порталында онлайн қолжетімді

eGov.kz электрондық үкімет порталында «Жеке практикамен айналысатын тұлғаны тіркеу есебі» мемлекеттік қызметі қолжетімді. Бұл қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке сот орындаушысы, нотариус, адвокат немесе медиатор ретінде есепке тұруға онлайн өтініш беруге мүмкіндік береді.
Жеке практикамен айналысатын тұлғаларды тіркеу салықтық әкімшілендіру мақсатында жүргізіледі және лицензия немесе куәлік негізінде кәсіби қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды қамтиды.
Қызмет келесі әрекеттерді қамтиды:
- тіркеу есебіне қою;
- тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу;
- есептен шығару және ақпаратты www.kgd.gov.kz сайтында жариялау.
Қызметті алу үшін пайдаланушыға қажет:
- eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Бизнеске» → «Бизнесті тіркеу және дамыту» → «Бизнесті тіркеу және тарату» бөлімдеріне өту;
- «ЖСО, нотариустар, адвокаттар, медиаторларды тіркеу» қызметін таңдап, «Қызметті онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу;
- өтініш беру себебі мен тіркеу түрін көрсету;
- адвокаттық, нотариаттық немесе атқарушылық қызметпен айналысуға берілген лицензияның нөмірі мен берілген күнін енгізу;
- жылжымайтын мүлік түрін таңдап, қажетті деректерді толтыру;
- қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен өтінішке қол қою;
- жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен өтінішті өңдеу туралы хабарламамен танысу.
Қызмет көрсету мерзімі — eGov.kz порталы арқылы салықтық өтініш берілген сәттен бастап 1 жұмыс күні. Мекенжайды қоса алғанда, деректерге енгізілген өзгерістер де 1 жұмыс күнінде өңделеді. Есептен шығарылған кезде ақпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) интернет-ресурсында келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей жарияланады.
Қызметтің нәтижесі – тіркеу есебіне қою немесе есептен шығару туралы хабарлама не уәжделген бас тарту.
Жақында бұл қызмет салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен іске қосу аясында жаңартылды. Жаңарту жекелеген үдерістерді автоматтандыруға, электрондық өзара әрекеттесу сапасын арттыруға және әкімшілендіруді жеңілдетуге мүмкіндік берді.