Жүргізуші куәлігін алу қызметі қосымша функциялармен толықты
eGov.kz порталын пайдаланушылар үшін жүргізуші куәлігін алу тіпті жеңілдеді. Бұдан былай құжатты жарамдылық мерзімі аяқталған, жоғалған немесе ұрланған кезде ғана емес, сондай-ақ тегі, аты және әкесінің аты өзгерген кезде де ала алады.
Сондай-ақ жүргізуші куәлігін ауыстырған кезде жүргізушілер өз фотосын орната алады. Тек фотосурет пайдаланылатын құжат 3 жылдан артық болмауы керек.
Жүргізуші куәлігін алу үшін не істеу керек?
- eGov.kz порталында авторизация жасаңыз және «Көлік және коммуникация» бөліміне өтіңіз;
- қызметтер тізімінен «Жүргізуші куәлігін алу» тармағын таңдаңыз және барлық қажетті өрістерді толтырыңыз;
- ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қойыңыз.
Айта кетейік, қызметтің нәтижесі сіздің Жеке кабинетіңізге немесе Пайдаланушыға хабарлама қызметті алу тәсіліне қарай (онлайн немесе офлайн) 60 немесе 120 минуттың ішінде келеді.
TSARKA қолдауымен