2025 Жылдың IT Трендтері
Сонымен 2025 жылға қадам басқанымызға он күн болды. Тіршілік қалыпты тірлігіне оралғандай. Біз де IT және бизнес бағыттарындағы жаңалықтармен таныстыруды жалғастырамыз. Бүгін осы жылдың IT трендтері туралы айтқым келеді.
Gartner сарапшылары дәстүрлі бизнес үлгілерін өзгертетін 10 технологияны ұсынды. Бұл технологиялар бизнестің дамуына көмектесіп, адамдардың жұмысын жеңілдетеді. Мамандар оларды үш бағытқа бөлген: Жасанды интеллекттің негізгі міндеттері мен тәуекелдері, есептеу техникасының жаңа шекаралары және адам мен машина арасындағы синергия.
1. Agentic AI (Автономды AI) – бұл алға қойған мақсаттарға жету үшін өздігінен әрекеттерді жоспарлап, шешім шығара алатын жасанды интеллект. Адамдардың немесе дәстүрлі қосымшалардың жұмысын жеңілдетуге немесе азайтуға көмектесетін виртуалды жұмыс күші.
2. Жасанды интеллектті басқару платформалары - жасанды интеллектті қолдану аясы кеңейген сайын оны қолдану жауапкершілігі де артты. ЖИ басқару платформалары құқықтық, этикалық және операциялық көрсеткіштерін басқаруға, қаупсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
3. Жалған ақпараттан қорғау - бұл жүйелер нақты деректерді жасанды мәліметтерден ажыратуға мүмкіндік береді.Тәуекелдерді үздіксіз бағалап, қауіпттерді анықтап отырады.
4. Посткванттық криптография (PQC) - кванттық есептеулердің (QC) шифрын ашу тәуекелдеріне төзімді деректерді қорғау. Деректерді кванттық есептеулердің пайда болуымен туындайтын қауіпсіздік тәуекелдерінен қорғайды.
5. Көрінбейтін интеллект (Ambient Invisible Intelligence) -тұжырымдамасы нысандар мен қоршаған ортаның күйін бақылау үшін қолжетімді және арзан сенсорларды пайдалануды білдіреді. Пайдаланушылар бұл сенсорларды байқамайды да, ал олар қосымша талдау жасау үшін деректерді бұлтқа жібере алады.
6. Энергияны үнемдейтін есептеулер - тиімді архитектура, код және алгоритмдер арқылы тұрақтылықты, тиімділік үшін оңтайландырылған аппараттық құралды арттыружәне жүйелерді іске қосу үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану тәсілі. Көміртегі ізін азайту арқылы тұрақтылықты арттыру үшін құқықтық, коммерциялық және әлеуметтік мәселелерді шешеді.
7. Гибридті есептеу – күрдел міндеттерді шешу үшін әртүрлі есептеу, сақтау және желілік механизмдерді біріктірген жүйе. Жұмыс жылдамдығын және тиімдлігін арттырады.
8. Кеңістіктік есептеулер - бұл белгілі бір жерге байланысты мазмұнға қол жеткізуді және онымен интуитивті өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін цифрлық және физикалық әлемді байланыстыратын технология.
9. Көпфункционалды роботтар – бірнеше қызметті атқаратын робаттар. Олар қол жетімді бола бастайды, бұл олардың өндіріске, қоймаға және басқа салаларға интеграциялануын ынталандырады.
10. Неврологиялық жетілдірулер - мидың белсенділігін бақылап, нәтиже ұсынатын технологиялар арқылы когнитивті өнімділікті жақсарту құралы. Бұл интерфейстер мидың белсенділігін нақты уақыт режимінде талдауға, сондай-ақ қажет болған жағдайда шоғырлану немесе релаксация сияқты белгілі бір жағдайларды ынталандыруға мүмкіндік береді.