AI және CoPilot: Жұмысты жылдамдату

AI және CoPilot: Жұмысты жылдамдату

Біз өткен жолы жасанды интеллеттің мүмкіндіктерін саралап шыққан едік. Бүгін Битрикс24  CoPilot-қа тоқталамыз. 

CoPilot деген не? 

CoPilot — бұл жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін көмекші құрал, ол пайдаланушыларға әртүрлі тапсырмалар мен міндеттерді орындау кезінде көмек көрсетеді. CoPilot бизнес процестерін оңтайландыруға және қызметкерлердің өнімділігін арттыруға бағытталған. 

Айтпақшы тек бизнесте ғана емес кез келген салада көмектеседі. Мысалы, студенттерге үй тапсырмасын орындауға, жұмыста идеялар ойластыруға, ақпаратты тезірек табуға және т.б. 

Бизнесте CoPilot не үшін қажет?

- Уақытты үнемдеу: Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру арқылы қызметкерлердің уақытын үнемдейді.

- Қателерді азайту: Қайталанатын және күнделікті тапсырмаларды орындауда қателерді азайтады.

- Шешім қабылдауды жақсарту: Деректерді талдау және ұсыныстар беру арқылы бизнес шешімдерін жақсартуға көмектеседі.

Битрикс24 CoPilot-тың атықшылықтары

Битрикс24 CoPilot пайдаланушыларға «Жаңалықтар», «CRM», «Міндеттер» және «Чат» бөлімдерінде, сондай-ақ веб-сайт құрастырушысында көмектеседі. 

Чатта

AI-көмекшісі стандартты емес бизнес идеяларын ойлап табады, сатылымды арттыратын мәтін жазып береді, тіпті сіз үшін коуч қызметін атқарады. Тек CoPilot-пен сөйлесуді бастаңыз! 

CoPilot Рөлдері

Айтпақшы, соңғы жаңартулардан соң Битрикс24 CoPilot-та рөлдер пайда болды. Яғни маркетолог, SMM-менеджер, SEO-копирайтер және тағы басқа да 30-дан аса маманның қызметі бар. Мысалы, сізге маркетологпен, IT маманымен немесе тіпті психоаналитикпен кеңесу қажет болса, рөлдердің бірін таңдап,  кез келген сауалды қоя аласыз. Тіпті, таролог қызмет көрсетеді. Қызық па? Онда сұрақ қойыңыз. 

AI-мен ой талқы  

Жұмыс кездесулері бұрынғыдан да нәтижелі бола түсті. Команда мүшелерін әңгімелесуге шақырып,  CoPilot-пен бірге тапсырмаларды талқылаңыз. Жасанды интеллект кез келген мәселеде көмектесуге дайын құлшынып тұрған әріптесіңіз.

Жаңалықтар лентасында 

Компанияда күнде сан алуан оқиғалар болып жатады, оның бәрін қарап, оқып отыруға уақыт жетпейді. Осы кезде CoPilot жәрдемші, ол негізгі нәрсені бөліп, қажетті ақпаратты көрсетеді. Тағы, AI әріптесіңізге мақтау, сын-пікір де айтады. 

Міндеттерде 

AI-көмекшісі міндеттермен жұмыс барысын жылдамдатады. Ол бастапқы үлгіден сауатты және түсінікті мәтін әзірлейді, чек парағын жасайды. Сондай-ақ, пікірлерді оқып, түйінін шығарады.

CRM-дегі CoPilot

Жасанды интеллект клиентпен телефон арқылы сөйлесу жазбасын қағазға түсіріп, айтылған ойдың басты идеяларын ұсынады. CRM картасындағы өрістерді өзі толтырады.  

Сайт құрастырушысындағы CoPilot 

Сайттарды бірнеше есе жылдам жасайды. AI-көмекшісі  жарнамалық мәтіндерді жазуға көмектеседі және суреттер салып береді.

Поштадағы CoPilot

Жасанды интеллект клиентке хат жазып,сіздің сауда ұсынысыңызды жақсартады. 

Тегін AI білім 

Битрикс24 CoPilot-ты тегін орнатып, білім алыңыз, AI дағдыларын дамытыңыз. 

TSARKA қолдауымен