Ақмола облысында дрондарға арналған бірыңғай инфрақұрылым құрылады

Ақмола облысында инфрақұрылымдық нысандарды басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін «Дрондарға арналған бірыңғай инфрақұрылым» пилоттық жобасы іске қосылуда. Ұшқышсыз ұшу аппараттары құрылыс барысын бақылау, жылу желілерінің жағдайын қадағалау және жер қойнауын пайдаланудағы заңбұзушылықтарды анықтау үшін пайдаланылатын болады.
Жоба Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы мен «Қазақтелеком» компаниясы бірлесіп, облыс әкімдігінде таныстырылды. Презентация барысында мамандар дрондардың нақты уақыт режимінде жедел бақылау мен деректерді талдау мүмкіндіктерін көрсетті.
Облыс әкімі бұл бастаманы қолдап, пилоттық кезеңде дрондар Көкшетау мен Қосшы қалаларында жұмыс істей бастайтынын мәлімдеді. Жобаның негізгі міндеттерінің бірі – жылу желілерін мониторингтеу, жылу шығынын анықтау және оны жедел жою. Сондай-ақ, дрондар жер қойнауын пайдаланудағы заң бұзушылықтарды тіркейтін болады. Болашақта олардың қолдану аясы басқа салаларға да кеңейтілмек.