Ақмола облысында инфрақұрылымдық нысандарды басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін «Дрондарға арналған бірыңғай инфрақұрылым» пилоттық жобасы іске қосылуда. Ұшқышсыз ұшу аппараттары құрылыс барысын бақылау, жылу желілерінің жағдайын қадағалау және жер қойнауын пайдаланудағы заңбұзушылықтарды анықтау үшін пайдаланылатын болады.
Жоба Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы мен «Қазақтелеком» компаниясы бірлесіп, облыс әкімдігінде таныстырылды.