Дәрі-дәрмектің бағасын енді арнайы қосымша арқылы бақылауға болады

Дәрі-дәрмектің бағасын енді арнайы қосымша арқылы бақылауға болады

Қазақстанда бұдан былай дәр-дәрмектің шекті бағасын бақылайтын Dari.kz мобилдік қосымшасы іске қосылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Ондағылардың айтуынша, бұл өмірлік маңызды дәрі-дәрмектерге баға белгілеудің қолжетімділігі мен әділдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Айта кетейік, Dari.kz қосымшасын App Store және Google Play-ден тегін жүктеп алуға болады.

Dari.kz қалай жұмыс істейді?

Dari.kz қосымшасының көмегімен пайдаланушылар баға саясатының бұзылуы туралы оңай және жылдам хабарлай алады. Бұл үшін келесілер жеткілікті:

1.⁠ ⁠Дәрі-дәрмектің түбіртегі мен қаптамасының суретін жүктеңіз.

2.⁠ ⁠Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне автоматты түрде жіберілетін өтініш жіберіңіз.

Вдеомство өкілдері бұл қосымшаның адам өмірін барынша жеңілдететініне сенімді. Өйткені кез келген адам сатып алған дәрілері туралы ақпаратты немесе дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін пайда болған жанама әсерлер туралы хабарлай алады.

Сондай-ақ препараттардың бағасын қадағалауда да бұл таптырмас мүмкіндік. Министрлік дәрілердің бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлерге айыппұл қарастырылғанын ескертеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 426-бабының 1-бөлігіне сәйкес мынадай айыппұлдар көзделген:

 •⁠ ⁠Жеке тұлғалар: 70 АЕК.

•⁠ ⁠Лауазымды тұлғалар: 100 АЕК.

•⁠ ⁠Шағын кәсіпкерлік субъектілері: 130 АЕК.

•⁠ ⁠Орта кәсіпкерлік субъектілері: 200 АЕК.

•⁠ ⁠Ірі кәсіпкерлік субъектілері: 1000 АЕК.

TSARKA қолдауымен