Эмодзи көптігі — жоғары қатысу: чаттағы «лайк» компаниялардың өмірлік цикліне қалай әсер етеді

Битрикс24 мамандары пайдаланушылардың ондаған миллион әсерлерін (реакцияларын) талдап шықты. Осылайша олар эмодзилер мен қызметкерлердің белсенділігі арасында белгілі бір заңдылық бар екенін анықтап, ең эмоционалды-реактивті елдердің рейтингін жасады.
Жұмыс чаттарында ұнату белгісі (лайк) ұзақ уақыттан бері келісу, мақұлдау немесе хабардар болғаны туралы белгі беру үшін қолданылады. Бұл уақытты үнемдеп, артық ақпараттың болмауына көмектеседі. Жұмыс чатындағы "бас бармақтың жоғары қарауы" компанияның немесе тіпті елдің менталитеті туралы не айта алады? Бүгін осы сұраққа жауап іздейміз.
Чаттардағы эмоционалдылық: Фиджиден Үндістанға дейін
Сонымен, үш айда 104 елдегі Битрикс24 порталын пайдаланушылар 65 миллион түрлі эмодзилерді қолданған.
Аймақ бойынша қарағанда орыс тілінде қарым-қатынас жасайтын өңірлерде әсерлердің өзгергіштігі ("күлкі", "ашу", "таңдану") басқа елдерге қарағанда аз екені байқалды. Жалпы басқа елдер де айтарлықтай айырмашылықтар бар.
Эмоциялардың әртүрлілігі бойынша үш арал елдері алдыңғы қатарда: Фиджи, Бермуд және Филиппин. Бермуд аралдарының қызметкерлері түрлі эмодзилерді пайдаланады екен. Дегенмен хабарламаларға әсер көп қалдырған, алайда өзгергіштігі төмен елдер де бар, бұл дегеніміз аталмыш елдер эмодзилерді ресми түрде қолданады деген сөз. Олардың арасында Жапония, Ирак және Мьянма бар.
Елдердің эмоционалдылығы (көптеген эмодзилер және/немесе әртүрлі эмоциялар) барлық көрсеткіштер төмен болған "реактивті емес" елдермен салыстырылды. Эмоционалды реактивтілік бойынша үздік 10 рейтингте Еуропа елдері бар: Венгрия (1-ші), Эстония, Болгария және Португалия. Сондай-ақ үш арал елдері: Фиджи, Бермуд және Филиппин (әртүрлілікке байланысты) және Моңғолия, Непал, Ирак кіреді. Соңғы орындарға Үндістан мен Сауд Арабиясы жайғасқан.
Қазақстан келер болсақ, біздің еліміз "реактивті емес" ондыққа кірді, сонымен қатар бұл тізімде ТМД бойынша көршілеріміз: Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан және Тәжікстан бар.

Эмодзи және діни мерекелер
Жиналған деректер негізінде тағы бір ерекшелік байқалды, эмодзилер діни мерекелерде арта түседі екен. Оң және теріс әсерлердің арақатынасына қарағанда 24 желтоқсан (католиктік Рождество) және 1 қаңтар (Жаңа жыл) арасында ауытқу бар. Мысалы, Польшада Рождествода оң әсерлер әдеттегіден 5 есе жоғары және Жаңа жылмен салыстырғанда екі есе жоғары болады екен. АҚШ-та Рождествоға қарағанда Жаңа жылда жоғары. Вьетнамда 29 қаңтарда Тет - Вьетнамның Жаңа жылы тойланатын кезде оң әсерлердің деңгейі жоғарылайды.
Дүйсенбі - ең жағымсыз күн
Орташа есеппен әр пайдаланушы айына 42 әсер қалдырады, оның 35-і бейтарап ұнатулар (84%), 6-ы күлу немесе таңдану эмоциялары (барлығы 13-14%), ал 1-і теріс эмодзи (~2%). Бір хабарламаға орташа ~0,12 әсер жасалады, яғни бір әсер алу үшін орталама 8 хабарлама жіберу керек.
Жалпы портал пайдаланушыларының 60% хабарламалар жіберсе, олардың үштен біріне ғана әсер болады екен (порталдың барлық пайдаланушыларының 20%). Арналардағы посттарға әсерлердің орташа саны чаттардағы хабарламаларға қарағанда жоғары.
Апта күндеріне қатысты әсерлерге келер болсақ, жалпы әсерлердың саны жұмыс аптасының басынан сенбіге дейін өседі, ал дүйсенбі - ең жағымсыз, көңілсіз күн екен, эмоциялар арасындағы айырмашылық өте төмен, яғни оң да теріс те болуы мүмкін. Әсерлер сенбі күні алуан түрлі болып, ең жағымды күн ретінде көрінген.
Демалыс күндері пайдаланушылар жұмыс порталын аз пайдаланады, егер кірсе эмоциялары жоғары болады.
Эмодзилер компанияның жұмысы туралы не айтады?
Корпоративтік порталдарды ұзағырақ пайдаланатын компанияларда (2020 жылдан бастап) эмоционалды қатысу көрсеткіштері жоғары. Әсерлерді қолданатын қызметкерлердің үлесі көбірек екен.
Бір жағынан, уақыт өте келе платформада белсенділіктің артуы жекелеген компаниялар үшін Битрикс24 таныс байланыс құралына айналғанын көрсетуі мүмкін. Қызметкерлер мессенджердің әртүрлі артықшылықтарын жиі қолдана бастайды. Екінші жағынан, қызметкерлердің қатысуы компанияның ұзақ өмір сүруіне "болжам" бола алады: Белсенді қызметкерлері бар ұйымдар ұзақ жұмыс істейді және Битрикс24 пайдаланушылары болып қала береді.