HR саласындағы ЖИ: кадр бөлімінде нейрожелілерді қалай қолданады

HR саласындағы ЖИ: кадр бөлімінде нейрожелілерді қалай қолданады

Еңбек нарығы өзгеріп жатыр, HR-мамандардың міндеттері көбейген: кандидаттармен жұмыс, сұхбаттар, онбординг, қызметкерлерді дамыту. Жүктемені азайту үшін компаниялар жасанды интеллектті белсенді енгізуде. Бүгінде ұйымдардың 40%-дан астамы жасанды интеллекті кадрлық процестерге қосып үлгерді. Ол күнделікті жұмысын автоматтандырып, бейімдеу жоспарларын құрастырып, вакансияларға лайықты үміткерлерді табуға көмектеседі.

Бұл материалда HR саласында нейрожелілерді қалай қолданатынын, неден бастау керегін және қандай процестерді автоматтандыруға болатынын қарастырамыз. 

HR-процестерінде ЖИ не үшін керек?

HR-саладағы жасанды интеллект – бұл бөлімнің негізгі міндеттерін оңтайландыруға арналған алгоритмдер. Олар кандидаттарды іздейді, қызметкерлердің қанағаттанушылығын талдайды, жаңа қызметкерлерді процестерге бейімдейді, қызметкерлерді дамытуға көмектеседі.

ЖИ-дің жұмыс сапасы оны қандай деректермен үйрететініңізге тікелей байланысты. HR бөлімдерінде бұл – кандидаттардың резюмелері, сұхбат нәтижелері, тест тапсырмалары, қызметкерлердің жетістіктері, дағдылары мен даму аймақтары, жұмыс белсенділігі, ауысымдар, демалыстар, командалық өмірге қатысу, қызметкерлердің ауысуы мен жұмыстан шығу себептері.

ЖИ осы деректердің негізінде резюмелерді алғашқы іріктеуден өткізе алады. Немесе сынақ мерзімінен сәтті өткен қызметкерлердің мінез-құлық үлгілерін талдап, жаңа қызметкердің компанияда ұзақ қалу ықтималдығын болжай алады.

Кадр бөлімінің қандай міндеттерін нейрожелілер шешеді?

Жасанды интеллект  HR мамандарды алмастырмайды, бірақ жұмысты айтарлықтай жеңілдетеді. Сонымен не істей алады?

1. Қызметкерлерді іріктеуді автоматтандыру

Алгоритмдер кандидаттың тәжірибесін, дағдыларын, жетістіктерін вакансия талаптарымен салыстырады. HR-маман тек бастапқы фильтрден өткен резюмелерді тексереді.

2. Кандидаттарды бастапқы скринингтен өткізу

Жасанды интеллект резюмелерді сұрыптайды, чат-бот арқылы алғашқы сұрақтарды қояды, жауаптарды талдайды,HR-ға қысқа қорытынды дайындайды. Нәтижесінде рекрутер уақытын үнемдейді.

3. Онбординг жүргізу және даму жоспарын жасау

Нейрожелі жаңа қызметкерге арналған жеке онбординг жоспарын құрастырады, оқу материалдары мен нұсқаулықтарға сілтеме береді, алғашқы тапсырмаларды дайындайды, даму барысын қадағалайды және дедлайндарды еске салады.

Онбординг аяқталған соң, ЖИ қызметкердің нәтижелерін талдап, әрі қарайғы даму бағытын ұсынады.

4. Құжатайналымды және есепті автоматтандыру

Құжаттар HR қызметкерінің жұмысында ауқымды орын алады. Оларды қарап, түзеп беру барысында да нейрожелілер көмектеседі. Олар типтік формаларды (өтініш, шарт, анықтама) толтырады, деректерді базадан автоматты түрде алады, қателерді тексереді, құжатты қажетті маманға жібереді, демалыс, ауру парағын, төлемдерді есептейді, HR-есептерін дайындайды. Бұл қателерді азайтып, уақытты айтарлықтай қысқартады.

5. Қызметкерлердің күйзелісін болжау

Алгоритмдер чаттағы белсенділікті, кездесулерге қатысуды,өнімділікті талдап, күйзеліс белгілерін ерте анықтай алады. 

6. Жұмыстан шығу ықтималдығын болжау

Нейрожелі қызметкердің компаниядан кету ықтималдығын да болжайды. Мұны желі қызметкердің соңғы рет жұмыс сатысында көтерілуі, командалық өмірге қатысуы, жаңа жобаларды алу деңгейі арқылы болжайды. Бұл HR-ға тәуекелдерді алдын ала көруге мүмкіндік береді.

ЖИ-ді HR-ға қалай енгізуге болады? 

1-қадам. Уақыт пен ресурсты ең көп алатын процестерді анықтау

2-қадам. Нақты тапсырмадан бастау

Барлық процесті бірден автоматтандыру мүмкін емес. Бір қарапайым міндеттен бастаңыз: резюмелерді сұрыптау,демалыс өтінішінің қалыптарын жасау.

3-қадам. Құрал таңдау

Интерфейсі және бағасы қолайлы ЖИ-құралын таңдау маңызды. Мысалы BitrixGPT – HR процестерін оңтайландыруға арналған көпфункциялы AI-ассистент. 

4-қадам. Тест жүргізу және кері байланыс жинау

Бірнеше ерікті қызметкерді сынақтан өткізіңіз, процесті талдап, пікір жинаңыз.

5-қадам. Командаға енгізу

Құралдың жұмысын түсіндіріңіз, мысалдар көрсетіңіз, сұрақтарға жауап беріңіз.

6-қадам. Бақылау және жетілдіру

ЖИ кейде қателеседі – сондықтан соңғы шешім қабылдау құқығы әрқашан адамда қалуы қажет.

Бір сөзбен жасанды интеллект HR жұмысына үлкен өзгеріс әкеледі: рекрутингті жеделдетеді, құжат айналымын автоматтандырады, қызметкерлерді дамытады, қызметкерлердің күйін бақылауға мүмкіндік береді.

TSARKA қолдауымен