idocs API V3 шығарды
Қазақстандағы алғашқы электрондық құжат айналымы платформасы idocs API-дің - API V3 жетілдірілген нұсқасын енгізді.
idocs API – интеграция арқылы әртүрлі веб-қызметтердің көмегімен клиенттерге электрондық құжат айналымымен (ЭҚА) өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін платформа модульдерінің жиынтығы. Бұл құрал клиенттік бағдарламалық жасақтама жағында платформаның негізгі функцияларының бір бөлігін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Мысалы, интеграциялық API арқылы пайдаланушылар ЭҚА ішіндегі операцияларды тікелей үшінші тарап жүйесінен орындай алады. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланып, жүйеңізден шықпай-ақ, барлық қажетті әрекеттерді орындап, сонымен қатар құжат айналымы процесін бақылай аласыз.
Сонымен қатар, API қауіпсіз шешім болып табылады. API арқылы пайдаланушы деректерін анықтау және жіберу үшін токен (нақты пайдаланушыны анықтайтын деректерді қамтитын кодтар жолы) пайдаланылады. Ол деректер қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдаланушыларға idocs платформасымен қауіпсіз өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. Барлық ақпарат пен файлдар қауіпсіз форматта жіберіледі. Бұл пайдаланушының үшінші тарап жүйесі мен idocs арасындағы құрылымдық және сенімді деректерді тасымалдауды қамтамасыз етеді.
«API жаңа нұсқасында біз функционалдылықты кеңейттік. Мысалы, клиент-интеграторларі енді құжаттың өзін ғана емес, оның бағыты мен рөлдерін де реттей алады. Яғни, қызметкерлерді және олардың іс-әрекеттерін құжатта белгілі бір тәртіпте көрсете аласыз. Сондай-ақ, бағытта құжатты алушы болып табылатын контрагентті көрсетуге болады. Осылайша, idocs API V3 арқасында құжат автоматты түрде платформаның Жеке кабинетіне жүктеледі», - деп атап өтті idocs бас директоры Шынар Галиева.
Қазақстанда тіркелген кез келген заңды тұлға API V3 клиент-интегратор бола алады. Ол үшін Бизнесті дамыту департаментіне +7 708 080 44 55 телефоны немесе sales@idocs.kz электрондық поштасы арқылы өтініш беру қажет.