Елдегі ұялы байланыс операторлары бұдан былай Face ID мен жеке деректерді талап етеді

Елдегі ұялы байланыс операторлары бұдан былай Face ID мен жеке деректерді талап етеді

Қазақстанда енді ұялы байланыс қызметтеріне қосылу және интернетке қол жеткізу үшін Face ID талап етіледі. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігі “Ашық НҚА” порталында  мәлімдеді.

 Яғни, Азаматтық кодекстің 397 бабына сәйкес, кез келген  абонент биометриялық деректерді ұсынуы тиіс. Бұл қадам – алаяқтардың жолын кесуге септігін тигізеді. Айта кетейік, Face ID нөмірді басқа операторға ауыстыратын кезде де сұралады.

Сондай-ақ қоғамдық орындарда интернетке кіру үшін SMS немесе қоңырау арқылы берілетін бір реттік парольдер енгізіледі. Айта кетейік, желіге оператордың қосымшасы арқылы сканерленген сәйкестендіру құжаттары арқылы да кіруге болады.

Авторизацияға рұқсат беру әдістері ретінде мыналар көрсетілген:

eGov-пен байланыс;

биометрия;

банк картасының нөмірі арқылы растау;

оператордың қосымшасы арқылы құжатты сканерлеу;

әлеуметтік желілердегі аккаунттар;

растау электрондық поштасы.

Бұл шаралар қауіпсіздікті күшейтуге және пайдаланушыларды сәйкестендіру процесін жеңілдетуге бағытталған. Дегенмен, биометриялық деректерді жинаудың кеңеюімен жеке ақпаратты қорғау қажеттілігі де арта түсетінін ескерген жөн.

TSARKA қолдауымен