inDrive қазақстандық “Рядом” ультражылдам жеткізу қызметіне инвестиция салды
inDrive әлемдік транспорт және қалалық қызметтер платформасы “Рядом” компаниясына стратегиялық инвестиция салды. Бұл компания – Қазақстандағы өнімдер мен дайын тамақтарды ультражылдам жеткізу бойынша онлайн-қызмет көрсететін жетекші компания. Келісім New Ventures венчурлық бөлімшесі арқылы жүзеге асырылды. Инвестицияның мақсаты – “Рядом” компаниясының амбицияға толы өсу жоспарын қолдау және оны e-grocery сегментіндегі тез дамып келе жатқан электронды коммерция саласындағы көшбасшылардың біріне айналдыру. Бұл қадам inDrive компаниясының өмір сапасын жақсарту жөніндегі стратегиялық бағытындағы жұмыстарының жалғасы болады.
“Рядом” 2020 жылы Қуаныш Аблаев пен Данияр Тоембаевтың бастамасымен Choco Holding қазақстандық компаниясының экожүйесінде құрылды. Қызмет өнімдер жеткізу нарығын технологияларды қолдану арқылы өзгеріп жатыр: бүгінгі таңда тапсырыстардың 83%-ы төлем жасағаннан кейін 15 минут ішінде жиналып, жеткізіледі.
“Рядом” Алматы мен Астанада 19 дарк-стор желісімен жұмыс істейді. Әр дарк-стор – шамамен 300 кв.м. аумақты алып жатқан, жақын маңдағы ауданға 1,2 км радиуста қызмет көрсететін технологиялық қойма. Тапсырыстардың 90%-ы экотранспорт (велосипед, электросамокат) арқылы жеткізіледі.
Ассортимент 5000-нан астам жоғары сапалы өнімнен тұрады, оның ішінде сапалы көкөністер, жемістер мен дайын тағамдардар бар. Әрбір көкөніс, жеміс және басқа да өнімдер “Рядом” компаниясының стандарттарына сай болуы үшін қатаң іріктеуден өтеді.
Қазіргі таңда “Рядом” Choco суперап (көпфункциялы) қосымшасының құрамында жұмыс істейді және Алматы мен Астананың жүз мыңдаған тұрғыны арасында кең тараған.
Андрис Смит, New Ventures басшысы:
Инвестициялар компанияға өз брендтерін дамытуға, дайын тағам өндірісін ұлғайтуға және жаңа өңірлерде өз қызметін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Рамиль Мухоряпов, Choco Holding негізін қалаушы:
New Ventures – дамушы нарықтарда үлкен әлеуеті бар стартаптарға инвестиция салуға бағытталған inDrive компаниясының корпоративтік бөлімшесі. Оның миссиясы – адамдардың өмірін жақсартуға және әділетсіздікпен күресуге бағытталған inDrive компаниясың көзқарасын ұстанатын компанияларды қолдау.