IT Park Uzbekistan және Astana Hub өңірлік стартап-экожүйені бірлесіп дамытатын болады

IT Park Uzbekistan және Astana Hub өңірлік стартап-экожүйені бірлесіп дамытатын болады

Орталық Азиядағы ірі технопарктер – IT Park Uzbekistan және Astana Hub – өңірлік стартап-экожүйені бірлесіп дамытып, оны Central Asia Innovation Hubs бірыңғай брендімен жаһандық аренада ілгерілететін болады.

ICT WEEK UZBEKISTAN 2024 аясында IT Park Uzbekistan бас директоры Фарход Ибрагимов және Astana Hub бас директоры Мажжан Мадиев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Мақсаты – өңірлік бірегейлікті қалыптастыру, стартап-экожүйелерді және венчурлық қорларды дамыту саласындағы тәжірибе алмасу, сондай-ақ Орталық Азияның перспективті жобаларын халықаралық алаңдарда ілгерілету бойынша бірлескен бастамаларды жүзеге асыру.

2024 жылдың соңына дейін екі елдің технопарктері бір брендпен шетелдік ірі іс-шараларда – InMerge (Баку), TechCrunch (Сан-Франциско) және WebSummit (Лиссабон) – таныстырылатын болады. InMerge-те халықаралық инвесторлар мен қорларға аймақтан төрт стартап, TechCrunch-те 20, WebSummit-те 16 стартап таныстырылады.

Технопарктердің жоспарларында өңірлік стартап жобаларының Hero Training Program (Draper University), Stanford HealthTech Accelerator және Alchemist Accelerator бағдарламаларына қатысуын қамтамасыз етуі бар. Central Asia Innovation Hubs құру аймақтық стартаптардың жаһандық аренада танымалдылығын арттыруға, сондай-ақ фаундерлерге өз әзірлемелерін әлемдік алаңдарда саланың көшбасшыларына таныстырудың жаңа мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі.

TSARKA қолдауымен