ЮНИСЕФ сарапшылары Қазақстандағы өңірлік IT-хабтардың менеджерлері үшін тренинг өткізді.

ЮНИСЕФ сарапшылары Қазақстандағы өңірлік IT-хабтардың менеджерлері үшін тренинг өткізді.

Қазақстанның өңірлік хабтарынан 17 менеджер ЮНИСЕФ-тің Грузия, Бразилия және Швециядан келген менторлары өткізген ойын жасау бойынша тренингтен сәтті өтті. Оқыту GameDev саласындағы дағдыларды дамытуға және елдің технологиялық индустриясын нығайтуға бағытталған.

Іс-шара Astana Hub, ЮНИСЕФ және ҚБТУ GameLab бірлесе отырып, өңірлердегі IT-қоғамдастық үшін GameDev индустриясын дамытуға бағытталған Level Up білім беру бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

«Жастарға қажетті дағдылар мен білім бере отырып, біз олардың мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, өңірлік STEM-қоғамдастық пен жалпы технологиялық индустрияның дамуына үлес қосамыз. Олар жасайтын ойындар тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде адамдарды оқытып, шабыттандыра алады», – деп атап өтті ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Летисия Баззи-Вейл.
«Биылғы маусым айында еліміздің үш өңірінде GameDev орталықтары ашылып, 11 өңірде Level Up білім беру бағдарламалары іске қосылды. Атқарылған жұмыстың тиімділігін ескере отырып, ЮНИСЕФ-пен бірлесіп, өңірлік менеджерлерге GameDev негіздері бойынша тренинг өткізу туралы шешім қабылданды. Тренингке қатысушылар идеядан бастап соңғы өнімге дейінгі ойын әзірлеуді жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру дағдыларын меңгеріп, көпсалалы командаларда жұмыс істеу тәжірибесін алды, бұл бағдарламаны сәтті жүзеге асыру үшін өте маңызды», – деді Astana Hub басқарушы директоры Дания Ахметова.

Қазақстан өңірлерінде стартап мәдениетін дамыту Astana Hub қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. МЦРИАП ҚР, жергілікті әкімдіктер мен жеке серіктестердің қолдауымен соңғы бір жарым жылда 15 өңірлік IT-хаб ашылды, ал жылдың соңына дейін Атырау, Петропавл және Жаңаөзенде тағы үш хабты іске қосу жоспарлануда. Бұл стартаптар мен IT-бастамаларға ресурстар мен қолжетімділікті кеңейтуге, елдегі инновациялық экожүйенің дамуына ықпал етеді.

TSARKA қолдауымен