Қазақстанда венчурлік индустрияның Әдеп кодексі қабылданды
Astana Hub халықаралық технопаркі алаңында венчурлік индустриясының Әдеп кодексіне қол қою рәсімі өтті. Бұл - венчурлік қорлар, инвесторлар, бизнес-періштелер мен стартаптардың басын қосатын негізгі құжаттың бірі болмақ.
Activat VC бас директоры Марат Төлібаевтың айтуынша, құжатта әдептілік, адалдық, жауапкершілік, сенім, толеранттылық, парасатты бәсекелестік, стартаптар қызметіне инвесторлардың араласпауы, стартап мүдделерін қорғау, заңдылық, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік және қоғамдық тарап басымдығы сияқты қағидаттар қамтылған.
Салтанатты шарадан кейін құжатқа қол қойғандар Әдеп кодексі туралы пікірлерін ортаға салды. Олардың айтуынша, кодекстегі нормалар Қазақстан венчурлік нарығында өзара сенім, ізгі ниет пен ынтымақтастықты қалыптастыруға ықпал етеді.
Айта кетейік, қол қою рәсіміне Astana Hub, BGlobal VC, MOST Ventures, MyVentures, Tumar Venture Fund, Activat VC, BigSky Capital, BYB Capital, InDrive NewVentures, сондай-ақ EasyTap, ApartX, Garderob, Porte, Smartestprep, GoDays, Billz стартаптары қатысты.
TSARKA қолдауымен