Қазақстандық стартап CodiPlay 9 млн доллар инвестиция тартты
Қазақстандық CodiPlay edtech-стартабы “Series A” қаржыландыру раунды шеңберінде 9 млн доллар инвестиция тартты. Аталған раундқа Сауд Арабиясы, БАӘ мен Катардан инвесторлар тобы қатысты. Инвесторлар қатарында Катар Ұлттық банкінің стратегия жөніндегі ағаатқарушы вице-президенті, белгілі бизнес-періштеКристиан Эйхнер, сондай-ақ Global Capital тікелей инвестиция қоры бар. CodiPlay бұл қаржыландыру арқылы MENA өңірінде, атап айтқанда БАӘ, Сауд Арабиясы мен Катарда өзінің көкжиегін кеңейте алады. Аталған елдер дамыған экономикасы және инфляция деңгейінің төмендігімен белгілі.
CodiPlay инновациялық технологиялар негізінде жалпы білім беретін мектептерге арналған инновациялық шешімдер ұсынады. MENA өңірінде жұмыс істеу арқылы компания алдағы екі жылда экожүйеге 3000 мектепті қосу есебінен өз позициясын нығайтуды жоспарлап отыр. Осы шаралар арқылы CodiPlay компаниясы алдына өршіл мақсат қойған білім беру саласындағы қазақстандық алғашқы жоба ретінде танылды.
«Біз инвесторлар тарапынан көрсетілген қолдауға дән ризамыз. Осындай қолдау арқылы біз қарқынды дамып, MENA өңірінде шешімдерімізді сәтті енгізуге мүмкіндік алдық. Мектептегі заманауи білім беру қолжетімді әрі тиімді бола алады. Біз балалар жастайынан IT салаға құмарекенін көріп отырмыз. Олар біздің методикамыздың арқасында бағдаршамды жобалай алады, шлагбаум жүйесі қалай құрылғанын біледі, сонымен қатар ақылды үйдің жүйесі қалай жұмыс істейтінін түсінеді. Осындай шешімдер арқылы оқушылардың мотивациясы өсіп, цифрлық дағдылармен қоса жалпы үлгерімі артып жатыр», – деп атап өтті CodiPlay жобасының негізін қалаушы және СЕО Жанәділ Талдыбаев.
Инвестицияны сәтті тарту және масштабқа шығу бойынша жоспар халықаралық аренада қазақстандық технологиялықжобаларға деген қызығушылықтың артып келе жатқанынкөрсетеді. Сонымен қатар білім беру технологияларысаласындағы негізгі ойыншылардың бірі ретінде CodiPlay позициясын нығайтады.
Осы платформа көмегімен мектептер оқушыларды цифрлық сауаттылыққа оқытып жатыр. Астана, Алматы қалаларының мектептерімен қоса Түркістан облысы Келес ауданы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы және Қаскелеңдегі мектептер де заманауи методикамен цифрлық сауатын ашып жатыр. Балалар CodiPlay көмегімен «ақылды үйден» бастап дрондарға дейінгі IoT-гаджеттер негізінде құрылғыларды өз бетінше құрастыра алады. Мұндай құрылғылар түрлі командаларды орындайды. Өз қолымен ақылды құрылғыны жасап шығару бала бойында сыни пайымдау, шығармашылық икем және шешім қабылдау қабілеті жетіледі.
CodiPlay өзінің құрылғанынан бастап 2021 жылы Оңтүстік Корея мен Ұлыбританияны және ұзын ырғасы 13 елді қоса алғанда бүкіл әлем бойынша 600-ден аса мектептенжүздеген мың баланы қамтыды. Компания Біріккен Ұлттарұйымының цифрлық қоғамдық игілік ретінде бағасын алып, Финляндияның Білім беру альянсының фин сапасертификатымен белгіленді. Бұл жетістіктер жоғары сапалыцифрлық оқу бағдарламалары әлемдік деңгейде сұранысқаие болып келе жатқанын дәлелдей түседі.