Қазақстандықтардың жеке деректерін қорғау ережелеріне бірнеше өзгеріс енгізіледі
Әзірге жоба 13 тамызға дейін қоғамдық талқыда болады. Онда ел азаматтарының жеке деректерін қорғау ережелеріне екі жаңа тармақ енгізу қарастырылған.
Шектеуі бар оператор немесе дербес деректердің иесі жылына кемінде бір рет ақпараттық қауіпсіздік аудитін жүргізуі қажет. Бұл екінші деңгейлі банктерге де қатысты.
Жаңа ережеге сәйкес, электронды түрдегі жеке деректер тек Қазақстандық серверлерде сақталуы керек. Ал ол үшін операторлар деректерді қорғау үшін барлық қажетті шараларды жүргізуі тиіс.
Айта кетейік, бұл жоба «Ашық НҚА» порталында 30 шілдеден бастап жарияланды.
TSARKA қолдауымен