Жасанды интеллектпен сурет салу жеңіл әрі қолжетімді!

Жасанды интеллектпен сурет салу жеңіл әрі қолжетімді!

Қазір маркетингтік кескіндер мен жарнамалық суреттерді жасау қиын және қымбат деп ойласаңыз қателесесіз. Оны жеңілдетудің жолы жасанды интеллекті пайдалану. Бүгін біз сурет салатын, әрлейтін, анимацияға айналдыратын нейрондық желілер туралы айтамыз. 

  Кескіндер нейрондық желілерде қалай жасалады

Суретті генерациялауға арналған нейрондық желілер Deep Learning тереңдетіп оқыту технологиясы негізінде жұмыс істейді. Бұл күрделі тапсырмалар үшін қолданылатын машиналық оқытудың бір бөлігі, сөйлеуді тану, мәтіндік және дауыстық сұрауларды өңдеу үшін қолданылады. 

Мұндай желілер әр деңгейде күрделене түсетін нейрондардың бірнеше қабатынан тұрады. Ең бірінші деңгей — оқыту. Бұл кезеңде жасанды интеллект ауқымды мәліметтер жиынынан нысандар мен қалыптарды ажыратуды үйренеді. Осыдан кейін ол өз суреттерін жасай бастайды. 

AI екі кезеңде жұмыс істейді: кескін жасау және сапаны бағалау. Бұл үшін генеративті қарсылас желілер (GANs) жауапты. Олар екі бөліктен тұрады: генератор және дискриминатор. Біріншісі промптты өңдейді және кескінді жасайды, ал екіншісі оның сұранысқа қаншалықты сәйкес келетінін бағалайды.

 1. Playground-фотосурет арқылы кескін жасауға арналған нейрондық желі

Фотосуреттерге негізделген кескіндерді жасауға арналған тегін нейрондық желі. Күніне 1000 сурет жасай аласыз, бірақ 50-ден кейін суреттің бөлшектері автоматты түрде шектеледі. Суреттердің айқындығы азаяды. Қызмет онлайн режимде және тек ағылшын тілінде қолжетімді, Google аккаунт арқылы кіруге болады. 

 2. Starryai-мәтіндік сипаттама бойынша кескін жасауға арналған нейрондық желі

Не керегін мәтін түрінде жазып суреттер жасауға арналған нейрондық желі. Тек тіркелген пайдаланушылар қолдана алады: ол үшін Google немесе Apple аккаунты жарамды. Қиындығына байланысты үш пен бестің арасында тегін сурет жасай аласыз. Айта кетейік, шынайы адам бейнеленбеген суреттер, мысалы аниме, комикстер, машиналар, ғимараттар сәтті шығады. 

 3. Vance AI-сурет сапасын жақсартуға арналған нейрондық желі

Vance AI бұлыңғыр фотосуретті сапалы кескінге айналдыруға көмектеседі. Нейрондық желі сапаны 4K дейін жақсарта алады, бұлыңғырлықты жояды, фонды алып тастайды. Сондай - ақ, ескі фотосуреттерді қалпына келтіру, қыртыстар мен сызаттарды алып тастау, фотосуреттің өлшемін өзгерту, бәрін жасауға болады. 

Айтпақшы желі барлық суреттерді өңдей алмайды: егер фотосурет 50% - дан астам бұлыңғыр болса, онда жасанды интеллект суреттің қалған бөлігін өз ойынан жалғап, бөлшектер қосуы мүмкін.

 4. Runway-суретті анимациялауға арналған нейрондық желі

Анимация жасау үшін Runway пайдалануға болады. Қызмет мәтіндік сұраныс бойынша кескінді жандандыруға көмектеседі. Тегін нұсқада 105 секунд бар, бір генерация төрт секундқа созылады. Егер анимацияны нөлден бастасаңыз, сұрау салу кезінде не қажеттігін егжей-тегжейлі жазыңыз. Ал егер дайын суретті анимацияға айналдыратын болсаңыз, онда нейрондық желі оны өздігінен жасап береді. 

 5. AI Image Enlarger-суреттерді өңдеуге арналған нейрондық желі

AI Image Enlarger фотосуретті егжей-тегжейлі өңдеу үшін, мысалы, фондағы элементтерді алып тастау немесе контурды өзгерту қажет болса қолданылады. Сонымен қатар, нейрондық желі сапа мен айқындықты жақсартады. Ерекшелігі, пайдаланушылардың құпиялылығын қорғау мақсатында жүктелген фотосуреттерді өңдеп болған соң 24 сағаттан кейін жояды.

 Ойдағы суретті жасау үшін сұраныс қалай жасалады 

Промт құрастырудағы ең маңызды нәрсе - егжей-тегжейлі сипаттама. Көп жазудан қорқудың қажеті жоқ, толығырақ, суретте не маңызды екенін көрсетіңіз:  

1. Тақырып немесе тұжырымдама. Кескіннің нысанын, көрінісін, тұжырымдамасын жазыңыз.

2. Көрнекі сипаттама туралы мәліметтер. Түсі, пішіні, композициясын көрсетіңіз.

3. Көңіл-күй. Кескін стилін анықтаңыз: шынайылыққа жақын, немесе қиял-ғажайып. 

4. Қосымша талаптар. Суретте не болуы керек? Жарығы, бұрышы, ойыңызды жаза беріңіз. 

Ең соңында толыққанды сұраныс мәтіні пайда болады, мысалы, көктем, жайлау, таулар, аспандағы бұлт, айнала жап жасыл, өзен ағып жатыр, алыстан күннің шығып келе жатқаны көрініп тұр. Бұл картинаның толық болуына көмектеседі. 

Ал егер өзіңіз сұрау жасауға ерінсеңіз Битрикс24 CoPilot қолдана аласыз. AI мәтін жазу, өңдеу, идеялар ойлап табу, үлкен мақаладағы ең бастысы нәрселерді тұжырымдау сынды жұмыс тапсырмаларының бір бөлігін атқарады.

TSARKA қолдауымен