MCP дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді

MCP дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді

Жасанды интеллект (ЖИ) мәтін жазып, есеп шығара алады, бірақ ол сіздің клиенттеріңізді, мәмілелеріңізді, келісімдеріңізді немесе ішкі жүйелеріңізді білмейді.Model Context Protocol (MCP) – бұл протокол ЖИ-ботты нағыз көмекшіге айналдырады. Ол компанияның сатылым тарихын, байланыс мәліметтерін, құжаттарын талдап, CRM-де жаңа тапсырмалар құрып, хаттар жіберіп, жазбаларды жаңарта алады.

Бұл материалда MCP қалай жұмыс істейтінін және оның бизнестегі нақты пайдасын түсіндіреміз.

MCP дегеніміз не

Model Context Protocol (MCP) — бұл жасанды интеллект қосымшаларына кез келген жүйеден (мысалы, CRM, дерекқорлар немесе бұлтты сервистерден) мәлімет жинауға және өзгертуге мүмкіндік беретін бірыңғай байланыс тілі.

Протоколды Anthropic компаниясы 2024 жылдың қарашасында әзірлеген. Олардың айтуынша MCP идеясы USB-стандартынан алынған, яғни USB құрылғыларды компьютерге оңай қосуды жеңілдетсе, MCP – жасанды интеллектті деректермен жұмыс істеуді жеңілдетеді.

MCP – бұл тегін және ашық технология, яғни оны кез келген әзірлеуші пайдалана алады. 2025 жылдың ақпанында OpenAI, Google, Microsoft және Amazon компаниялары MCP-ді өздерінің ЖИ-жүйелеріне енгізіп, қолдана бастады.

Бұрын ЖИ-ассистенттері компанияның ішкі деректеріне қол жеткізе алмайтын. Олар тек алдын ала оқытылған ақпарат негізінде кеңес беретін. Ал MCP пайда болғаннан кейін, ЖИ компанияның бизнес-жүйелерінен нақты деректерді оқи, талдай және пайдалана алады. Мысалы, ЖИ ай сайынғы сатылымдарды талдап, бірден менеджерлерге міндетін құра алады.

MCP архитектурасы қалай жұмыс істейді

MCP қарапайым схема бойынша жұмыс істейді: сіздің ЖИ-көмекшіңіз арнайы серверге сұрау жібереді, ал бұл сервер қажетті деректермен немесе құралдармен байланысқан. 

Негізгі элементтері:

• MCP Client – ChatGPT немесе Claude сияқты ЖИ-жүйе. Ол сұрауыңызды қабылдап, тиісті ақпаратты іздейді.

• MCP Server – ЖИ мен сіздің жүйеңіз арасындағы делдал бағдарлама. Әр сервер тек бір жүйеден (мысалы, CRM немесе файлдар) дерек ала алады, бірақ барлығы бірдей форматта жауап береді.

• Resources (ресурстар) – құжаттар, файлдар, дерекқор жазбалары. ЖИ оларды сервер арқылы оқиды.

• Tools (құралдар) – деректерді өзгертуге арналған функциялар: тапсырма құру, хат жіберу, CRM-дегі жазбаны жаңарту және т.б.

Қалай жұмыс істейді: сіз сұрақ қоясыз → ЖИ қажетті деректерді анықтайды → MCP серверінен сұрайды → сервер компания жүйесінен ақпаратты алады және стандартты форматта қайтарады → ЖИ дайын жауап ұсынады.

MCP арқылы шешуге болатын бизнес міндеттер

MCP қосылған ЖИ – бұл енді тек бот емес, нағыз цифрлық қызметкер. Ол клиенттерді біледі, міндет құра алады, деректерді жаңартады және нақты шешімдер ұсынады.

Мысалы:

– Кандидаттарды іріктеуді автоматтандыру. ЖИ бірнеше минутта жүздеген түйіндемені талдап, талаптарға сай 15 кандидатты таңдап, қысқаша сипаттама береді.– Код сапасын жақсарту. ЖИ GitHub-қа қосылып, кодты тексеріп, оңтайландыру нұсқаларын және тесттер ұсына алады.

– Сатылымды болжау. ЖИ иірімді талдап, мәміле ықтималдығын есептеп, болжам жасайды.

– Маркетинг тиімділігін талдау. ЖИ Google Analytics пен Яндекс Метрика деректерін біріктіріп, арналар бойынша конверсияны салыстырады және бюджетті қайта бөлуді ұсынады.

– Жеке күнделікті есептер құру. Жергілікті MCP-сервер ЖИ-ге пошта, күнтізбе мен файлдарға бұлтсыз қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осылайша басшы күнделікті есептер алып отырады. 

– Қаржылық есептер дайындау. ЖИ «1С», Excel және банктік деректерді талдап, ақша айналымы мен бюджеттік ауытқуларды көрсетеді.

Битрикс24 жүйесіндегі MCP

MCP Битрикс24 жүйесіне де оңай біріктіріледі. Бұл технология ЖИ-ге CRM-мен жұмыс істеуді жеңілдетіп, жаңа автоматтандыру сценарийлерін ұсынады:

➢ Сыртқы қосымшалармен байланыс. MCP арқылы Google Docs, пошта және басқа да құралдар Битрикс24-пен біріктіріледі.Мысалы, менеджер Gmail-ден клиенттің хатын алады, «Мәміле құру» батырмасын басады – Битрикс24-те автоматты түрде клиент картасы жасалады.

➢ CRM деректерін толықтыру. ЖИ диск, пошта және басқа трекерлерден ақпарат жинап, клиент картасын нақты уақыт режимінде жаңартады.

➢ Марта AI чат-ботымен жұмыс. MCP арқасында Марта CRM-дағы деректерге, тапсырмаларға және есептерге тікелей қол жеткізеді.Онымен диалогта сіз есептер құрып, нақты клиент деректерін таба аласыз.

➢ Деректер сапасын бақылау. ЖИ CRM-дегі жаңа жазбаларды тексеріп, бос өрістер мен қайталануларды анықтап, түзетуді ұсынады.

➢ KPI бойынша есептер. ЖИ сату, қоңырау және тапсырма деректерінен апталық немесе айлық есептер жасап, басшыға жібереді.

➢ Автоматты міндеттер. Клиент алдын ала төлем жасағанда – ЖИ құжаттарды дайындау тапсырмасын ұсынады, ал мәміле тоқтап қалса – қайта қоңырау шалуды жоспарлайды.

➢ Жүктемені болжау. ЖИ қызметкерлердің алдағы аптадағы жұмыс көлемін есептеп, артық жүктемені ескертеді.

➢ Қолдауды жетілдіру. ЖИ клиенттердің өтініштері мен шағымдарын талдап, дайын жауаптар мен әрекеттер ұсынады.

MCP – жасанды интеллектке компанияның нақты деректерімен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жаңа буын технологиясы. Ол ChatGPT немесе Claude сияқты жүйелерге бірнеше сағаттық баптаудан кейін-ақ CRM, құжаттар мен құралдарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді, бастысы барлық қауіпсіздік талаптарын сақтайды. MCP арқылы сіздің бизнесіңіз деректер талдауын автоматтандырады, есептерді жылдам дайындайды, процестерді басқаруды жеңілдетеді.Бұл қарапайым бот емес – сіздің цифрлық ассистентіңіз, компанияңыздың барлық жүйесін түсінетін және дамуға көмектесетін құрал.

TSARKA қолдауымен