Неліктен сайт құрастырушы - табысты сатылымның басты құралы?

Интернетте сауда жасау бұрын-соңды болмағандай жеңілдеді. Кез келген кәсіп иесі өз өнімін онлайн сатуға көшіп, жаңа аудиторияға қол жеткізе алады. Алайда, бұл үшін ең алдымен заманауи әрі ыңғайлы сайт қажет. Дәл осы тұста сайт құрастырушы көмекке келеді. Ол тек уақыт пен қаржыны үнемдеп қана қоймай, табысты сатылымның кілтіне айналады.
Сайт құрастырушы не үшін керек?
Пандемиядан кейін біздің сауда әдебіміз бен әдетіміз үлкен өзгеріске ұшырады. Қазір адамдар бәрін онлайн тапсырыс беруге тырысады. 2024 жылы қазақстандықтар 700 миллион онлайн-сауда жасаған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 28% көп. Сондықтан оңтайлы, әдемі және ыңғайлы сайт сіздің табысыңыздың негізгі көзі бола алады.
Сапалы сайт жасау көп ақша тұрады және оны жасауға ұзақ уақыт кетеді. Оның орнына сайт құрастырушыны пайдаланып көріңіз. Жылдам, қажетсіз шығандарсыз. Әрине сіз үлкен, көп бетті сайт жасап жатқан болсаңыз ол бөлек әңгіме. Дегенмен бизнеске жеке жоба үшін қосымша платформа қажет болуы мүмкін. Мысалы, арнайы науқан немесе қызықты жоба туралы мақалалар үшін. Оларды құрастырушыда жасау тез және оңай болады.
Сатымлымда қалай қолдануға болады?
Құрастырушыда жасауға болатын сайттардың түрі:
1. Саудаға арналған лендинг беті(Landing Page)
Тауар немесе қызметті нақты, толық және тартымды түрде таныстыру үшін қажет. Бұл бір өнімге немесе қызметке арналған жеке парақша. Мұнда сіз өнімнің артықшылықтарын, клиенттердің пікірлерін көрсетіп, сатып алушылардан бірден тапсырыс ала аласыз.
2. Электрондық коммерция дүкені (Интернет-дүкен)
Бірнеше тауар түрін жүйелі түрде сату. Егер сізге тез арада онлайн сауда бастау қажет болса — сайт құрастырушыда интернет-дүкен жасаңыз. Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді интеграциялап, клиенттік базаны автоматты түрде жинай аласыз.
Битрикс24 платформасында интернет-дүкенді бірнеше сағат ішінде іске қосуға болады. Егер сіздің қолыңызда тауар суреттері мен сипаттамалары болса — дүкен 2 минутта дайын!
3. Блог
Аудиториямен органикалық байланыс орнату. Блог - бұл өнім немесе қызмет жайлы тікелей жарнамасыз айту мүмкіндігі. Сіз сараптамалық мақалалар, шолу, пікірлер жариялай аласыз.
4. Портфолио
Жұмыстарыңызды кәсіби түрде таныстыру. Портфолио - бұл сіздің қабілетіңіз бен көзқарасыңызды көрсететін витрина. Ең үздік жобаларыңызды орналастырып, тапсырыс берушіге сіздің тәжірибеңізді көрсетуге болады.
5. Іс-шараға арналған парақша
Шараны толық таныстыру және қатысушыларды тарту. Құрастырушы арқылы сіз шараға арнап жеке парақ жасай аласыз: бағдарлама, күнтізбе, спикерлер, байланыс формасы, фотогалерея және жиі қойылатын сұрақтар бөлімі - бәрі бір жерде.
Сайт құрастырушының артықшылығы
Сайт құрастырушының негізі артықшылықтарымен таныс болыңыз:
1. Уақыт пен қаржыны үнемдейсіз
Сайтты өзіңіз жасап шығару үшін бағдарламалаушы жалдаудың қажеті жоқ. Арнайы дайын шаблондар мен интуитивті интерфейс арқылы сайтты небәрі бірнеше сағат ішінде құра аласыз. Бұл әсіресе шағын бизнес иелері үшін таптырмас шешім: артық шығынсыз, қысқа мерзімде онлайн дүкеніңіз дайын!
2. Бағдарламалау білмей-ақ сайт ашуға болады
Қазіргі сайт конструкторлары «зерокодинг» (кодсыз құру) қағидатына негізделген. Яғни, техникалық білім мен тәжірибесіз-ақ өз бетіңізбен интернет дүкен, портфолио немесе қызмет көрсету беттерін жасауға болады. Бар болғаны — мәтін мен суреттерді қосып, қажетті блоктарды таңдасаңыз жеткілікті.
3. Қолжетімді және оңай пайдалану
Браузер арқылы жұмыс істейтін құрастырушылар кез келген құрылғыда қолжетімді: ноутбук, планшет немесе смартфон. Сонымен қатар, көптеген платформалар тегін нұсқалар ұсынады — бұл стартаптар мен жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік.
4. Икемділік және жылдам бейімделу
Науқан басталды ма? Жаңа қызмет қосылды ма? Қорықпаңыз — сайттың құрылымын немесе мазмұнын өзгерту бірнеше рет шерту арқылы жүзеге асады. Ешқандай техникалық қолдаусыз өз бетіңізбен жаңарту енгізе аласыз.
5. Мобильді құрылғыларға бейімделген
Сайт құрастырушылары арқылы жасалған беттер автоматты түрде смартфондар мен планшеттерге оңтайландырылған түрде көрінеді. Бұл пайдаланушының тәжірибесін жақсартып, конверсияны арттырады. Себебі қазіргі тұтынушылардың басым бөлігі тауарды мобильді құрылғы арқылы іздейді.
Сайт құрастырушы - бұл тек сайт құру құралы емес, бұл — онлайн сату мен цифрлық бизнеске өтудің алғашқы және маңызды қадамы. Ол арқылы сіз өз брендіңізді жылдам таныстырып, клиенттермен тікелей байланыс орнатып, табысты арттыра аласыз.