OpenAI Deep Research – күрделі зерттеулер жүргізетін ЖИ-агентін таныстырды

OpenAI Deep Research – күрделі зерттеулер жүргізетін ЖИ-агентін таныстырды

ChatGPT-ке тағы бір жаңа құрал қосылды. Ол интернеттен жүздеген дереккөзді өз бетінше іздеп, талдап, құрылымдай алады. Бұл ЖИ-агент зерттеушінің жұмысын имитациялап, көпқадамды зерттеу процесін жоспарлайды және табылған ақпаратқа қарай іздеу бағытын түзетеді.

Deep Research не істей алады?

Автономды іздеу – ЖИ ақпаратты өзі тауып, талдап, жүйелейді. Ол мәтіндермен, суреттермен, PDF файлдарымен және басқа да дереккөздермен жұмыс істейді.

Құрылымдалған есеп – Deep Research қарапайым мәтіннің орнына аналитикалық қорытынды жасап, цитаталар мен дереккөздерге сілтемелер береді.

• Python скрипттерін пайдаланады – деректерді өңдеп, аналитикалық есептер жасау үшін.

Жауап беру уақыты 5-30 минут – сұраныстың күрделілігіне байланысты.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Deep Research OpenAI o3 моделінің арнайы нұсқасына негізделген. Ол веб-деректермен және аналитикамен жұмыс істеуге оңтайландырылған.

Кәдімгі ChatGPT-ден айырмашылығы, ол жай ғана мәтін құрмайды, кешенді зерттеу жүргізіп, жаңа ақпаратқа бейімделеді.

Жұмыс процесі бүйірлік панельде көрсетіледі – онда ойлау барысын, табылған дереккөздерді және аргументацияны көруге болады.

«Білімді синтездеу – жаңа білім қалыптастырудың алғашқы қадамы. Сондықтан Deep Research – AGI-ге (Жалпы жасанды интеллект) қарай маңызды қадам», – деп мәлімдеді OpenAI.

Deep Research-ті қазірдің өзінде ChatGPT Pro арқылы пайдалануға болады.

TSARKA қолдауымен