ChatGPT-ке тағы бір жаңа құрал қосылды. Ол интернеттен жүздеген дереккөзді өз бетінше іздеп, талдап, құрылымдай алады. Бұл ЖИ-агент зерттеушінің жұмысын имитациялап, көпқадамды зерттеу процесін жоспарлайды және табылған ақпаратқа қарай іздеу бағытын түзетеді.
Deep Research не істей алады?
• Автономды іздеу – ЖИ ақпаратты өзі тауып, талдап, жүйелейді. Ол мәтіндермен, суреттермен, PDF файлдарымен