Әр екінші компьютерде Windows 10 орнатылған: оған қолдау 2025 жылдың қазанында тоқтатылады

Әр екінші компьютерде Windows 10 орнатылған: оған қолдау 2025 жылдың қазанында тоқтатылады

«Касперский зертханасының» халықаралық зерттеуі көрсеткендей, жеке пайдаланушылардың 51%-ы және корпоративтік қолданушылардың шамамен 60%-ы 2025 жылдың қазан айында қолдауы тоқтатылатын Windows 10 жүйесін әлі де пайдаланып отыр. Тек 36% жеке құрылғылар мен 26,5% корпоративтік құрылғыларда операциялық жүйе 11-нұсқаға жаңартылған. Сарапшылардың айтуынша, ескірген ОЖ нұсқаларын корпоративтік инфрақұрылымда қолдану бизнес үшін үлкен қауіп төндіреді. Мұндай нұсқалар тек кибершабуылдарға әлдеқайда осал болып қана қоймай, жаңа бағдарламалық жасақтамамен және қауіпсіздік құралдарымен үйлеспеуі мүмкін. Бұл операциялық қызметтің үздіксіздігіне нұқсан келтіруі ықтимал.

Кейбіреулер тіпті қолдауы 2020 жылы тоқтатылған одан да ескі Windows 7 жүйесін пайдаланып келеді. Жеке пайдаланушылар арасында оның үлесі – 10%, ал корпоративтік қолданушылар арасында – 7%.

«Жаңа операциялық жүйеге көшудің пайдасы жиі күмәнді болып көрінеді: жаңа функциялар аз сияқты, ал интерфейстегі өзгерістер жұмыс барысын күрделендіретіндей әсер қалдырады. Бірақ киберқауіпсіздік тұрғысынан алғанда, жаңартылмайтын ескі жүйе бір соққымен құлап қалатын шіріген шарбақты үйге ұқсайды. Мұнда тәуекел жаңа нұсқаға бейімделудегі қолайсыздықтан әлдеқайда маңызды. Корпоративтік ІТ-бөлімдер мен ақпараттық қауіпсіздік мамандары үшін ең маңызды бағдарламалық жасақтаманы, соның ішінде операциялық жүйені өзекті күйде ұстау – бірінші кезектегі міндет. Операциялық жүйені уақытылы жаңарту оның бұзылуына байланысты инциденттердің, сондай-ақ құнды деректердің ұрлануы немесе жоғалуы, соның салдарынан қаржылық әрі беделдік шығындардың алдын алады. Сенімді қорғаныс шешімі орнатылған болса да, жаңартуларды елемеуге болмайды», – деп түсіндірді «Касперский зертханасының» киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Олег Горобец.

Қорғаныс деңгейін арттыру үшін «Касперский зертханасы» мынадай ұсыныстар береді:

• құрылғыда операциялық жүйенің ең жаңа нұсқасы орнатылғанына және автоматты түрде жаңарту функциясының қосулы тұрғанына көз жеткізу;

• осалдықтарды пайдаланатын зиянды БҚ-дан қорғауды қамтамасыз ететін өнімдерді пайдалану, мысалы: Kaspersky Premium (жеке пайдаланушылар үшін), Kaspersky Small Office Security (шағын кәсіпорындар үшін) немесе Kaspersky Symphony желісіндегі шешімдер (ірі бизнес үшін). Бұл өнімдер 2025 жылдың қазан айынан бастап қолдауы тоқтатылатын Windows 10 және одан бұрынғы нұсқаларда болуы мүмкін жабылмаған осалдықтар арқылы жүйенің бұзылу қаупін азайтуға көмектеседі.

TSARKA қолдауымен