Шынымен оқылатын түйіндемені қалай жасауға болады: HeadHunter HR-ынан кеңестер

Шынымен оқылатын түйіндемені қалай жасауға болады: HeadHunter HR-ынан кеңестер

Түйіндеме — бұл жұмыс іздеу процесінде міндетті құжат қана емес. Бұл сіздің қағаздағы дауысыңыз. Бұл – алғашқы байланыс нүктесі, одан әрі қарай оқи ма, сізбен жақынырақ танысқысы келе ме, тәжірибеңізге қызығушылық ояна ма – бәрі осыған байланысты.

 Компанияның саласы мен көлеміне қарамастан, оның жетістігін адамдар анықтайды. 20 мамырда әлем бойынша HR-мамандарының халықаралық күні атап өтіледі, бұл күн 2019 жылы Еуропалық персоналды басқару қауымдастығының (EАПМ) бастамасымен белгіленген. ТМД елдерінде мереке әдетте қыркүйекте тойланады, бірақ көктемгі күн де – бұл мамандықтың үлесін бағалауға жақсы себеп. Өйткені түйіндемеңізбен ең бірінші танысатын – HR саласының мамандары, бұл құжат – сіздің кәсіби жолыңыздағы алғашқы қадам.

 HeadHunter Орталық Азия HR-менеджері Александра Моренкомен бірге біз түйіндемені ерекшелендіретін, жауаптар арасында жоғалып кетпеуге көмектесетін басты ұсыныстарды жинадық.

Қазіргі таңда сапалы түйіндеменің маңызы неде?

 Түйіндеме — бұл мансаптың қысқаша сипаттамасы ғана емес. Бұл – сіздің алғашқы таныстыру құжатыңыз,ол жұмыс берушіге сіз туралы жеке кездесуден бұрын-ақ визуалды және мазмұнды түрде ақпарат береді.Сұхбат кезінде алғашқы сөзіңізді айтпай тұрып-ақ, сіз туралы алғашқы әсерді түйіндемеңіз қалыптастырады. Түйіндеме грамматикалық және мазмұндық жағынан дұрыс құрылған жағдайда, ол сізді басқа кандидаттардан ерекшелендіріп, жұмыс берушіге сіздің өзіңізді бағалай білетін, нәтижеге бағытталған және кәсіби талаптарды сыйлайтын адам екеніңізді бірден айқындайды.

 «Нәтижелі түйіндеме бірдей үлгіде құрылмайды. Түйіндеме – мақсатты, тәжірибені және жеткен жетістіктерді нақты түсіну арқылы дайындалады. Жақсы түйіндеме жұмыс берушінің шешім қабылдауын жылдамдатады. Түйіндеме сіз белсенді ізденісте болмасаңыз да, сіздің пайдаңызға қызмет етеді. Мен былай дер едім — бұл сіздің мансабыңыздың жинақталған нұсқасы, оны кез келген сәтте көрсетуге болады. 

Жақсы тәжірибе, ұсыныстар және дағдылар болғанымен, дұрыс жасалмаған түйіндеме сіздің жауап алу мүмкіндігіңізді азайтады. Басқа жағынан, дұрыс рәсімделген және дәлелденген құжат назар аудартумен қатар, сенім ұялатады. Кездесуден бұрын сіздің кәсібилігіңізді көрсетеді. Диалогты ұйымдастыруға және қажетті коммуникациялық тонды белгілеуге ықпал етеді», — Александра Моренко, HeadHunter Орталық Азия HR-менеджері.

Түйіндемеде міндетті түрде не болуы керек?

Фотосурет

Фотосуреті бар түйіндеме, әсіресе коммуникацияменбайланысты салаларда, жиі жауап алу мүмкіндігінарттырады. Дегенмен, фотосуреттің орынды жәнеталапқа сай болуы қажет:

• көзге түсетін заттарсыз, бейтарап фонда;

• іскерлік немесе бейтарап стильде;

• жоғары сапалы, бетке бағытталған фокуспен;

• фильтрлер мен логотиптер қолданылмаған, демалыс және кештердегі суреттер емес.

«Сапалы сурет – визуалды сенімділіктің негізі. Бұл сыртқы келбет емес, адамның орынды, ашық және кәсіби түрде көрінуі жайлы. Иә, бұлқабылдауға әсер етеді», — Александра Моренко, HeadHunter Орталық Азия HR-менеджері.

 Байланыстар

Қолданатын телефон нөміріңіз бен e-mail-ді көрсетіңіз. Мессенджерді кәсіби байланыс құралы ретіндеқолдансаңыз, оны көрсеткеніңіз дұрыс. Электрондықпоштаңыздың кәсіби көрінуін қадағалаңыз — аты-жөніңізді қамтитын, лақап аттарсыз болғаны жөн.

 Мақсатты лауазым және жалақы.

Түйіндемеде нақты лауазым атауы болуы тиіс. Әртүрлісалаларды қарастыратын болсаңыз, бірнешетүйіндеме нұсқасын дайындаған дұрыс. Жалақымөлшерін нарықтағы орта деңгейде көрсету дұрысболады.

 «Өзім туралы» бөлімі

Бұл бөлім «қалауым және қабілетім» туралы емес. Бұл – сіздің кәсіби құндылығыңыздың қысқаша негіздемесі.Бұл жерде атап өту қажет:

• тәжірибеңізді негізгі сандық мәліметтермен көрсету;

• негізгі құзыреттеріңіз;

• кәсіби мүдделеріңіз.  

Мысалы:«E-commerce саласында 5 жыл тәжірибесі бар маркетологпын. Жыл бойы органикалық трафикті80%-ға көбейтетін контент-маркетинг стратегиясын жасап шығардым. SEO, email-маркетинг және веб-аналитика салаларындабіліктілігім бар. Диджитал-өсуді кеңейтуге жағдайжасайтын команда іздеймін».

 Жұмыс тәжірибесі

Жұмыс тәжірибесін келесі форматта ұсыныңыз: компания — лауазым  кезең  міндеттер  жетістіктер. Ұзын абзацтар мен «қызметтік нұсқаулыққа сәйкес міндеттерді орындадым» сияқты стандартты тіркестерден аулақ болыңыз. Дұрысы: «3 ай ішінде жаңа өнімді енгіздім», «құжат айналымын 40%-ға қысқартып, оңтайландырдым».

«Кандидаттар көбінесе бір түйіндемені әртүрлі мамандықтар бойынша вакансияларға жібереді. Бұл бірден байқалады. «Өзім туралы» және дағдылар бөлімі сияқты кемінде екі блокты бейімдеуге кеңес беремін. Осыған 15 минут бөлсеңіз — бұл сізге шақыру түрінде нәтиже әкеледі», — Александра Моренко, HeadHunter Орталық Азия HR-менеджері.

 Білім

Тек жоғары, қосымша және өзекті білімді көрсеткен дұрыс. Егер екі білім деңгейіңіз болса — соңғысынан бастаңыз. Курстар мен сертификаттарды, әсіресе мамандыққа сәйкес келетіндерін, қосу қажет.

Дағдылар.Оларды топтарға бөліңіз:

• кәсіби (hard skills): бағдарламалау, аналитика, жобаларды басқару, бағдарламаларды меңгеру;

• жеке (soft skills): тайм-менеджмент, іскерліккоммуникация, көшбасшылық;

• қосымша: шет тілдері, CRM білу, негізгі құқықтықсауаттылық.

 «Дағдыларды вакансияға сәйкес бейімдеу қажет. Тек маңызды қабілеттерді атап өтіп, тізімдітым ұзақ етпеңіз — сапа санына қарағандамаңыздырақ», — Александра Моренко, HeadHunter Орталық Азия HR-менеджері.

 Ұсыныстар

Көптеген адамдар бұл бөлімді қоспай, бәсекелестікартықшылықтарын жоғалтады. Кәсібилігіңіздірастайтын тұлғалардың байланыс ақпараттары, жауапты және басқарушылық қызметтерге қабылдаукезінде аса құнды болып табылады.

 Қандай әдістер тиімді емес

• Тым жалпы немесе шығармашылық стиль — «достық ұжымда қызықты жұмыс іздеймін»;

• Ақпараттың бөлімдер арасында қайталануы;

• Құрылымсыз және визуалды үйлесімі жоқтүйіндеме;

• Вакансиямен байланысы жоқ тәжірибелік деректер;

• Қателіктер: орфография, тыныс белгілері, шаблонды тіркестер.

Түйіндемені күшейтетін факторлар

Ілеспе хат — бұл түйіндемені толықтырып, сіздіңмотивацияңызды, сәйкес тәжірибеңізді және нақтывакансияға деген қызығушылығыңызды көрсететінқысқаша құжат. Онда мыналар болуы мүмкін:

 • Жобалық кейстер. Мақтана алатын бір-екіжобаңызды атап өтіңіз. Қандай міндеттіорындадыңыз, қандай әрекеттер жасадыңыз жәненәтижесі қандай болғанын көрсетіңіз.

• Метрикалар. Мүмкіндігінше сандарды көрсетіңіз: өсім, төмендеу, қатысудың деңгейі, конверсия, үнемдеу.

• Жаңарту. Әрбір жоба біткенде, жаңа білім алғанданемесе лауазымыңыз өзгергенде түйіндеменіөзгертіп отырыңыз. Жаңартылмағантүйіндемелерді оқу қиынырақ болады.

«Біз мінсіз рәсімдеуді күтпейміз. Бірақ егертүйіндемеде барлығы шашыраңқы болса, логикасыз, қателер көп болса - бұл ұқыпсыздықретінде қабылданады. Тәжірибеңіз жеткіліктіболса да, құжаттың нашар рәсімделуі сізді басқакандидаттардан төмен қояды», — Александра Моренко, HeadHunter Орталық Азия HR-менеджері.

Қорытындылай келе

Түйіндеме — бұл жай ғана жауап беру құралы емес. Бұл – өзіңізді көрсету тәсіліңіз. Сізді әлі ешкім білмеседе, көрмесе де, түйіндеме сіздің кәсіби бейнеңіздікөрсетеді – ол сіздің орныңызға сөйлейді.

Сапалы түйіндеме мынаны көрсетеді: «Мен ойымдытүсінікті, ықшам және нәтижелі түрде жеткізе аламын. Процеске және сұхбаттасушыға құрметпен қараймын».Мұндай түрде ұсыну сенім мен қызығушылықтудырады.

Бұл құжатқа немқұрайлы қарамаңыз. Түйіндеме — бұл қағаз бетіне түскен сіздің дауысыңыз. Сіз оны қаншалықты нақты әрі ұқыпты қолдансаңыз, олсоншалықты анық естіледі.