Қазақстандықтар үшін жеке куәлікті Samsung Wallet электронды әмиянына орналастыру мүмкіндігі пайда болды
Қазақстандықтар Egov Mobile қосымшасындағы жеке куәліктің цифрлық нұсқасын Samsung Wallet электронды әмиянына енгізе алады. Жоба пилоттық режимде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Samsung Electronics Орталық Еуразия компаниясымен бірлесіп іске қосылды.
Samsung Wallet-тағы цифрлық жеке куәлік – бұл жеке деректерді сақтаудың ыңғайлы және қауіпсіз тәсілі. Азаматтар өздерінің құжаттарын цифрлық форматта бірден көрсете алады, физикалық құжаттарды жоғалту немесе ұрлау қаупінсіз. Samsung Wallet-тегі барлық деректер көп деңгейлі қауіпсіздік жүйесімен қорғалған, бұл жеке ақпараттың сенімді қорғалуын қамтамасыз етеді.
Функция Samsung смартфондарын пайдаланушылар үшін қолжетімді, оларда Egov Mobile қосымшасы орнатылған болуы тиіс.
Құжаттарды қосу үшін пайдаланушыға келесі қадамдарды орындау қажет:
• Egov Mobile қосымшасына кіру, «Цифрлық құжаттар» қызметіне өту;
• «Жеке куәлік» цифрлық құжатын ашып, «Samsung Wallet-ке қосу» батырмасын басу;
• Жеке деректерді өңдеу туралы келісіммен танысып, оны өңдеуге келісім беру және ЭЦҚ арқылы «Қол қою».
Цифрлық жеке куәліктің егжей-тегжейлі бөлімінде көрсетілген жарамдылық мерзімі азаматтың физикалық құжатында көрсетілген мерзіммен сәйкес болады. Егер уақыт өте келе куәліктегі ақпарат өзгерсе, пайдаланушы ағымдағы цифрлық куәлікті жойып, физикалық куәлік қайта шығарылған кезде оны қайтадан қосып, жаңарта алады.