Қазақстанда жауынгерлік кезекшілікте немесе қарауылда тұрған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер бейнежетондармен жабдықталады. Сондай-ақ, әскери бөлімдерде болып жатқан оқиғаларды автоматты түрде талдай алатын жасанды интеллект (ЖИ) элементтері бар бейнебақылау жүйелері енгізіледі. Бұл туралы ҚР Бас Прокуроры Берік Асылов мәлімдеді.
Бұл бастамалар Бас әскери прокуратураның Қорғаныс министрлігімен бірлесіп іске қосқан «Әскердегі заңдылық