Қазақстанда студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған ауқымды Huawei ICT Roadshow 2024 жобасы өтті. Іс-шара елдің 19 қаласындағы 40 университетті қамтып, студенттерге компанияның ең жаңа технологиялық шешімдерімен танысуға бірегей мүмкіндік берді.
Huawei ICT Roadshow байқауы – Huawei компаниясының Қазақстандағы жастарды қолдауға және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға арналған бастамасының бір бөлігі.