Енді ІІМ Ұлттық ұланының қызметкерлері eGov.kz порталы арқылы қызмет орнынан анықтаманы онлайн түрде ала алады. Жаңа цифрлық қызмет небәрі бірнеше минут ішінде ресми құжатты рәсімдеуге мүмкіндік береді. Бұл шешім анықтама алу рәсімін айтарлықтай жеңілдетіп, уақытты үнемдейді.
Қызмет тегін ұсынылады және тек ҚР Ұлттық ұланының қызметтегі әскери қызметшілеріне ғана қолжетімді.