“Терриконовая долинаның” стартаперлері инвесторлар алдында өз шешімдерін ұсынды
9 тамызда күні “Терриконовая долинаның” бизнес-бағдарламаларының қатысушылары арасында жобаларды қорғау күні Demo Daу - іс-шарасы өтті. Үздік нәтижелерге қол жеткізген командалар өз жобаларын қазылар алқасының алдына ұсынып, бас жүлде - бизнесті дамытуға берілетін гранттар үшін тай-таласқа түсті.
Demo Day инкубациялық және акселерациялық бағдарламалардың финалы болып табылады. “Инкубатор” кәсіпкерлерге идеяны тұрақты бизнеске дейін жеткізуге көмектеседі, ал “Акселератор” жұмыс істеп тұрған стартаптарды жедел дамыту мақсатында ерте сатыда қолдайды.
Екі бағдарлама да Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен Қарағанды қаласында орналасқан “Терриконовая долина” IT-хабының көмегімен тегін іске асырылуда. Осындай бизнес-бағдарламалар үнемі өткізілуде. Бұл жолы 40 компания оқытудан нәтижелі өтті: оның 20-сы “Инкубаторда” және 20-сы “Акселераторда” болды.
Demo Day-де жұмыстарын ұсынуға әр түрлі саладан ең мықты 16 жоба мүмкіндік алды. “Акселератордың” финалистері қатарынан TWENTY TWO AI агенттігі, DMARK өндіріс процестерін автоматтандыру компаниясы, NEW YORK ENGLISH онлайн-ағылшын тілі мектебі, RENDA қызметі, DORO АІ бьюти-шопингке арналған қосымшасы, PRORSUM кәсіптік бағдарлау қызметі, RISEUP фитнес-платформасы, SKIDKI LIVE және и FULLSPECTRUMKIDS қосымшасының өкілдері нәтижелерімен бөлісті. Әр компания IT-компонентінің түрлі болуымен және пайдаланушылар үшін қызықты шешімдер ұсынуымен ерекшеленді.
Мәселен, RENDA қызметі пәтерлерді жалға алумен ғана емес, сонымен қатар, мүлікті қорғауды және жалға алушыдан 1 млн.теңгеге дейінгі залалды өтеуді ұсынады. Ал TWENTY TWO AI - бұл бизнеске жасанды интеллект енгізу агенттігі. Қазылар алқасының бағалау нәтижелері бойынша RISE UP және DMARK компаниялары жеңімпаз атанды. Екі компания серіктестердің атынан гранттар ұтып алды: VK Cloud бұлтты қызметтерді пайдалануға RISE UP 2 000 000 теңгені, ал Яндекс Cloud бұлтты қызметтерді пайдалануға DMARK 2 400 000 теңгені.
Гранттарды ұтып алуға “Инкубатордың” финалистері де таласқа түсті, олар: “ЮРТЕК” қызметі, TELEPORT жобасы, “НА ВАЙБЕ” маркетингтік агенттігі, eDEMAND CALCULATION компаниясы, SIDEKICK боттар конструкторы, PROM CONTROL компаниясы және OQYRMAN.AI мобильді ойыны. Әрбір жоба маңызды қызмет түрімен айналысады. Мысалы, TELEPORT - бұл 3D басып шығаруға арналған модельдердің сандық кітапханасы, сондай-ақ, ол аддитивті технологияның барлық экожүйесі болып табылады.
Ал eDEMAND CALCULATION өндірістегі материалдарға қажеттілікті есептеу және жоспарлау процестерін автоматтандыру қызметтерін ұсынады. Демо күннің қорытындысы бойынша SIDEKICK - шағын орта бизнестегі әкімшілік процестерді автоматтандыратын боттар конструкторы, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша рұқсаттарды бақылауды жүзеге асыратын PROM CONTROL және Қазақстанда заңгерлерді жылдам іздеуге арналған “ЮРТЕК” қызметі жеңімпаз атанды. Әр жобаның өкілдері бизнесті дамытуға 500 000 теңге көлемінде гранттармен марапатталды.
Demo Day өз алдында Қарағанды облысы инновациялар мен кәсіпкерліктің нағыз орталығына айналатынын көрсете алды, бұл жерде жас компаниялар қажетті қолдауды ғана емес, сонымен қатар, табысқа жету жолында өзінің алғашқы маңызды қадамын жасауға мүмкіндік алады.
Жеңімпаздар ұтып алған гранттары олардың компанияларының дамуына маңызды үлесі, сондай-ақ, олардың ыждағаттары мен шығармашылық шешімдерін мойындаудың белгісі болады.
Бұл жетістік шабыттандырады және осындай бағдарламалардың көмегімен аймақта табысты компаниялар ғана емес, сондай-ақ, саланың жаңа көшбасшылары да өсе алатынын дәлелдейді.
TSARKA қолдауымен