TikTok үздік контент авторларын марапаттайды
Астанада 25-28 шілде аралығында TikTok Comic Con Astana 2024 халықаралық фестивалі өтеді. Шара барысында байқауға қатысып, жеңімпаз атанғандар ақшалай және бағалы сыйлықтарға ие болады.
Comic Con Astana 2024 халықаралық фестивалі елімізде осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Биылғы іс-шарада платформа фандом және косплей қауымдастықтарына арналған екі байқаудың жеңімпаздарына құрмет көрсетіледі. Яғни, үздік бейнеролик авторлары бағалы сыйлықтарға ие болады.
EXPO халықаралық көрме орталығында өтетін фестивальге Қазақстанның түкпір-түкпірінен гик-мәдениет, комикстер, косплей, фантастика, бейне ойындар, K-pop, J-pop, аниме, манга, суперқаһармандар, кино және ойын-сауық әдебиеттерінің мыңдаған жанкүйері келеді деп күтілуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар да іс-шарадан құралақан қайтпайды.
Сондай-ақ, платформа фандом және косплей контентіне қызығатын барлық пайдаланушылар үшін бірден екі байқаудың бар екенін еске саламыз.
• Бірінші байқау 10-18 шілде аралығында өтеді және ол фандом контентіне арналған. Байқауға қатысу үшін пайдаланушылар #сomicconastana2024 хештегімен және бейненің мазмұнына сәйкес келетін #аниме, #косплей, #ойындар, #гикмәдениет сияқты қосымша тегпен Comic Con фестивалінің тақырыптарының біреуі бойынша бейнеролик жүктеуі қажет. Tik Tok пайдаланушылары жасаған ең жарқын отыз бейне фестиваль кезінде платформа стендінде көрсетілетін болады. Сондай-ақ, ең танымал отыз бейненің авторлары сыйлыққа TikTok ресми мерчін алады, ал ең креативті бес роликтің авторлары Comic Con Astana 2024 сыйлық жиынтықтарын алады.
• Екінші байқау дәл фестиваль кезінде - 25-28 шілде аралығында өтеді және «TikTok-тағы үздік косплейші» атағының лайықты иегерін анықтайды. Косплейшілер TikTok-та осы жылғы фестивальге арнайы дайындаған кейіптері бар бейнероликтерімен бөліседі. TikTok пайдаланушылары өздеріне ұнаған костюмді таңдап, жобаның парақшасында оған дауыс бере алады. Ең көп дауыс жинаған қатысушы фестивальдің жалпы марапаттау рәсімінде ақшалай сыйлық алады.
TSARKA қолдауымен