Тимбилдинг ұйымдастырудың 5 тиімді жолы

Тимбилдинг ұйымдастырудың 5 тиімді жолы

Жаздың келуімен адамдардың жұмысқа құлшынысы төмендейді. Captivate Office Pulse зерттеулері жазғы уақытта өнімділіктің 20 пайызға төмендейтінін және жұмысқа келушілердің 19 пайызға азаятындығын көрсеткен. Оның үстіне  цифрлық дәуірде жұмыс тәсілдері өзгеріп, қызметкерлер әртүрлі қалалар мен елдерден қашықтан жұмыс істеуде. Мұндай жағдайда ұжым ішіндегі байланыс пен сенімді сақтау – басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта компаниялар тимбилдинг ұйымдастырып, ұжым мүшелерінің бір-бірін жақсырақ тануына, ортақ құндылықтар қалыптастыруына және тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасауы керек.

Тимбилдинг деген не?

Тимбилдинг – бұл команданың өзара қарым-қатынасын нығайтуға арналған арнайы ұйымдастырылған шара. Ол тек көңіл көтеру емес, нақты мақсатқа бағытталған әрекет: коммуникацияны жақсарту, сенімді арттыру, шығармашылық ойлауды ынталандыру немесе корпоративтік мәдениетті нығайту. 

Тимбилдинг түрлері

1. Психологиялық тимбилдингБұл форматта қызметкерлер жұмсақ дағдыларды (soft skills) дамытады. Командалық жаттығулар арқылы кері байланыс беруді, эмоцияларды басқаруды және өзара қолдауды үйренеді. 

2. Шығармашылық тимбилдингҚатысушылар стандарттан тыс тапсырмалар орындайды: сурет салу, театр қойылымдары, квесттер немесе шеберлік сабақтары. Мұндай шаралар қиялды оятып, жаңа идеялар тудыруға көмектеседі.

3. Интеллектуалды тимбилдингТақырыптық викториналар, логикалық тапсырмалар, бас қатырғыш ойындар арқылы топтың ойлау қабілеті мен талдау машықтары дамиды. Бұл тәсіл аса үлкен бюджет талап етпейді.

4. Спорттық тимбилдингФутбол, волейбол, спорттық жарыс секілді белсенді ойындар – командалық рухты қалыптастырудың тамаша жолы. Сонымен қатар, бұл формат қимыл-қозғалысқа зәру қашықтан жұмыс істейтін ұжымдар үшін өте тиімді.

5. Әлеуметтік тимбилдингҚызметкерлерді біріктіретін қоғамдық пайдалы істер – ағаш отырғызу, еріктілік жобаларға қатысу, қайырымдылық акциялар. Бұл тек ұжымды емес, компанияның қоғамдағы беделін де арттырады.

6. Құндылықтық тимбилдингОртақ құндылықтарды анықтап, нығайтуға бағытталған. Мұндай ұжымдарда түсіністік жоғары, дау-дамай аз болады.

7. Экстремалды тимбилдинг Рафинг, тауға шығу, арқанмен өрмелеу секілді адреналинге толы шаралар. Қатысушылар сенім, өз-өзіне деген сенімділік пен батылдықты дамытады.

Тимбилдингті қашан ұйымдастырған дұрыс?

• Ұжымға жаңа қызметкерлер қосылғанда – интеграцияны жеңілдету үшін;

• Коммуникация нашарлап, кикілжіңдер жиі болғанда;

• Бөлімдер арасында түсініспеушіліктер болғанда;

• Компанияда құрылымдық өзгерістер жүргенде;

• Ұжым қашықтан немесе гибрид форматта жұмыс істегенде.

Ең тиімді тимбилдинг идеясы

1. Командалық коучинг және фасилитация

Білікті фасилитаторлар немесе коучтер ұжымды нақты мақсатқа жетелеуге көмектеседі: стратегия жасау, мәселені талдау немесе инновациялық шешім қабылдау. Бұл тәсіл әсіресе жаңа бөлімдер, стартаптар немесе өзгерістер кезеңінде тиімді.

2. Психологиялық сессиялар

Корпоративті психологтар ұйымдастыратын топтық терапиялар – эмоцияны басқару, күйзелісті жеңу және командалық сенімділік орнатудың тиімді құралы. Мұндай жаттығуларда «тыңдай білу» және «қолдау көрсету» дағдылары дамиды.

3.  Кулинарлық шеберлік сабағы

Ас адамның арқауы. Бірге тамақ дайындау – адамдарды жақындататын қарапайым әрі жағымды әдіс. Дәмді кешкі ас немесе тәтті пісіру бойынша шеберлік сағаты – ұжымда достық орнатуға ықпал етеді.

4. Mastermind-сессиялар

Бұл форматта әр қызметкер кәсіби не жеке мақсаттарын айтып, пікірлес әріптестерден кеңес алады. Ашық пікір алмасу арқылы сенімді орта қалыптасады.

5. Әлеуметтік және қайырымдылық шаралар

Ортақ игілікке бағытталған іс-шаралар қызметкерлерді біріктіреді.

Тимбилдингті қалай дұрыс ұйымдастыру керек?

• Уақыты: Іс-шараны жұмыс уақытында өткізу – қызметкерлердің ынтасын арттырады.

• Жоспарлау: Мақсат, бюджет, орын және жауапты тұлғалар алдын ала анықталуы тиіс.

• Кері байланыс: Шарадан кейін қызметкерлерден анонимді пікір жинау ұсынылады.

• Фотоконтент: Іс-шараны есте қалдыру және HR-брендті нығайту үшін фото/видео түсіру ұмытылмасын.

Тимбилдинг – бұл ұйымдағы қарым-қатынасты жақсартып, ұжымдық сенім орнатудың тиімді құралы. Ол арқылы қызметкерлер тек жақсы танысып қана қоймай, өзара әрекеттесуді жаңа деңгейге шығара алады. Күшті команда – сәтті жобалардың негізі. 

Тимбилдинг үшін қызықты идеялар қажет болса жасанды интелект көмектеседі. Битрикс24 CoPilot қызықты әрі пайдалы жоспар құрып береді. 

TSARKA қолдауымен