Tomorrow School: жасанды интеллектке тегін үйрететін оқытудың үшінші легіне өтінім қабылдау басталды

Astana Hub Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer жасанды интеллект мектебі Tomorrow School-дың үшінші легіне өтінімдер қабылдап жатқанын хабарлайды. Оқу 18 жасқа толған барлық ниет білдірушіге қолжетімді. Тіркеу 2024 жылдың 4 желтоқсаны мен 2025 жылдың 17 қаңтары аралығындамына сілтеме арқылы жүргізіледі.
Tomorrow School жасанды интеллект саласындағы білімді тереңдетудің бірегей мүмкіндігін ұсынады. Қатысушылар алдын ала бағдарламалау тәжірибесін қажет етпейтін тең дәрежелі жүйеге негізделген 01 Edu платформасында оқи алады. Студенттер бірқатар мамандықты таңдай алады, соның ішінде AI-инженері, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуші, толық стек-әзірлеушісі, мобильді қосымшалар әзірлеуші, DevOps инженері, IT жүйелерінің архитекторы, киберқауіпсіздік маманы және видеойындар әзірлеуші бар.
Tomorrow School-да білім алу ерекшеліктері:
• Мұғалімдер мен дәстүрлі сабақтар жоқ – оқыту студенттердің өзара көмегі мен топтық жұмысына негізделген;• Барлық студентте Астана қаласындағы Astana Hub технопаркі алаңында соңғы үлгідегі iMac компьютерлерінде оффлайн форматта тегін оқу мүмкіндігі бар;• Мектеп тәулік бойы (24/7) жұмыс істейді, студенттер өздеріне ыңғайлы оқу кестесін құрады;• Оқуға түсу үшін бағдарламалау бойынша алдын ала тәжірибе талап етілмейді.
Іріктеу барысында жоғары нәтиже көрсеткен аймақ студенттерінде негізгі оқу кезеңінде Астанада тұру үшін жеңілдетілген арнайы мүмкіндік бар.