Ұлттық Банк Антифрод-орталығының алғашқы нәтижелерімен бөлісті
Естеріңізде болса, Ұлттық Банк бұған дейін алаяқтыққа тән транзакциялар бойынша дерек алмасу орталығының іске қосылатынын мәлімдеген болатын. Енді, міне, оның алғашқы нәтижелері де жүзеге аса бастады.
Мәселен, антифрод-орталығы іске қосылғалы бері алаяқтық операциялар бойынша 400-ге жуық факті анықталған. Сондай-ақ ол 30 миллион теңгеге жуық қаражатты бұғаттаған. Болашақта ол одан әрмен тиімді жұмыс істеу үшін жасанды интеллект технологияларын қолданбақ.
Бұдан бөлек, Ұлттық Банк ықтимал алаяқтық әрекеттердің алдын алу кезінде жеке тұлғаларға Антифрод-орталығы қызметкерлерінің ешқашан қоңырау шалмайтынын ескертеді. Сондықтан, күмәнді қоңырауларға жауап бермеуіңізді сұраймыз. Өйткені Антифрод тек қаржы, төлем ұйымдарымен, құқық қорғау органдарымен және ұялы байланыс операторларымен жұмыс істейді.