«Ұлттық инновациялық жүйе» бірыңғай терезесінде ғылым саласындағы сыйақылар мен стипендияларға өтінім қабылданып жатыр
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым саласындағы сыйлықақылар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар ұсынылатын байқауға өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды. Биыл өтінімдер электронды форматта «Ұлттық инновациялық жүйе» бірыңғай терезесі astanahub.com»ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады.
Конкурс мақсаты – ғылымды дамытуға қосқан үлесі, үздік ғылыми зерттеулері мен жетістіктері үшін ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерді ынталандыру. Сыйақылар мен стипендиялар әртүрлі ғылым саласындағы үздік жұмыстарды айқындау мақсатында тағайындалады. Атап айтқанда:
● Жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйақы;● Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйақы;
● Педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуi мен жұмысы үшiн Ы.Алтынсарин атындағы сыйақы;
● Түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйақы;
● Жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев және М.О.Әуезов атындағы сыйақылар;
● 75 мемлекеттік ғылыми стипендия, оның ішінде қырық жасты қоса алғанда талантты жас ғалымдарға 50 мемлекеттік ғылыми стипендия.
Конкурсқа ғылым саласында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтары қатыса алады. Өтінімдер 22 қарашаға дейін жеке қатысушылардан немесе авторлар ұжымынан (бес адамға дейін) қабылданады. Сыйақыға ұсынылатын ғылыми жұмыстар монографиялар, мақалалар, патенттер түрінде болуы мүмкін, сондай-ақ ғылыми қызметтің құжаттық дәлелдемелері мен ұсынымдар қоса берілуі қажет. Құжаттарға қойылатын барлық талап порталда орналастырылған.
Сыйақы мен стипендияға өтінім беру үшін мына сілтемелерді пайдалана аласыз: Сыйақы өтінімі және Стипендия өтінімі.
Қосымша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: +7 727 3647648, +7 707 900 3201, +7 707 959 6264. Техникалық қолдау қызметі: +7 (7172) 73 50 89; 1818.