«Ұлттық инновациялық жүйе» бірыңғай терезесінде жаңа қызмет іске қосылды
2024 жылдың 21 қарашасынан бастап «Ғылымижәне (немесе) ғылыми-техникалық қызметсубъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін алупроцесі жеңіл әрі қолжетімді бола түсті. Енді бұлқызмет «Ұлттық инновациялық жүйе» бірыңғайтерезесі astanahub.com арқылы ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білімминистрлігінің Ғылым комитеті Astana Hub-пен бірлесіп, өтініштерді толығымен оңтайландыруға мүмкіндікберетін пилоттық жобаны іске қосты. Енді уәкілеттіорганмен өзара байланыс цифрлық форматта жүзегеасырылады, бұл рәсімделуді жеңілдетіп, уақыт пен ресурстарды үнемдейді. Сонымен қатар жүйемүмкіндіктері тұрақты түрде жетілдіріліп отырады, ал пайдаланушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын ұсынаалады.
Аккредиттеу ғылыми және ғылыми-техникалық қызметсубъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар мен стандарттарғасәйкестігін растайтын ресми мәртебе береді. Бұл мәртебегранттық бағдарламаларға, байқауларға және ғылым мен технологиялар саласындағы басқа да бастамаларға қатысумүмкіндіктерін ашады.
Аккредиттеу куәлігі – бұл ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын жеке немесе заңдытұлғаның қызметін уәкілетті органның ресми түрдемойындағанын растайтын құжат. Куәлік қызметтің заңталаптары мен стандарттарға сәйкестігін ресми түрдерастайды.
Барлық ғылыми және ғылыми-техникалық сала өкілдерін осы заманауи әрі ыңғайлы құралды пайдалануғашақырамыз!
Өтініштер «Ұлттық инновациялық жүйе» бірыңғайтерезесі ақпараттық жүйесі арқылы сілтеме бойыншақабылданады. Мемлекеттік қызметтің пилоттық іскеқосылуына қатысты қосымша сұрақтар бойынша мынателефондарға хабарласуға болады: +7 (7172) 74 23 89. Техникалық қолдау қызметі: +7 (7172) 73 50 89, 1818.