Unico Play алғашқы күннің өзінде Қазақстандағы Apple App Store рейтиңінде көш бастады

Ұлттық Unico Play онлайн-платформасы рекордтық нәтижемен іске қосылды: қосымша шыққан алғашқы күні-ақ Entertainment санатында 1-орын иеленіп, Қазақстандағы Apple App Store-дың жалпы рейтиңінде 4-орынға көтерілді. Осылайша Қазақстанда жасалған қосымшалардың ішінде көшбасшы атанды.
Unico Play 12 қыркүйекте - Қазақстан киносы күні жұмысын бастады. Қызмет көрермендерге қазақстандық түпнұсқа сериалдар мен фильмдерді, қазақ тілінде дубляждалған әлемдік хиттарды, сондай-ақ ана тіліндегі ең үлкен балалар контенті топтамасын ұсынады.
Маңыздысы — бұл жай ғана қысқа уақыттық қызығушылық емес, қосымша төрт күн бойы рейтиңдегі орындарын тұрақты түрде ұстап тұр.
Алғашқы айда пайдаланушыларға сервис тегін. Қосымшаны App Store мен Google Play-ден жүктеп алуға, сондай-ақ Smart TV мен браузер арқылы көруге болады.
Uni-Q Group туралы
Unico Play — Uni-Q Group медиахолдиңінің бір бөлігі. Холдиң құрамына мыналар кіреді
Unico Studio — фильмдер мен сериалдар өндірісі;
Unico Dub — ең ірі дубляж және локализация студиясы;
Unico Rights — контентті халықаралық дистрибуциялау;
AINA — жаңа авторлар мен форматтарға арналған digital-платформа;
Shabyt Lab — жас кинематографистерді қолдау бағдарламасы.