Қазақстандық IT-шешімдер әлемде: 86 елге экспорт және $529 млн табыс

Қазақстандық IT-шешімдер әлемде: 86 елге экспорт және $529 млн табыс

Цифрлық даму министрінің мәліметі бойынша, 2023 жылы IT-қызметтер экспортының көлемі $529 млн-ға жетті.

2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында бұл көрсеткіш $306 млн құрады.

Бүгінде қазақстандық әзірлеушілердің шешімдерін әлемнің 86 елі сатып алады.

«Қазақстан венчурлық келісімдердің көлемі бойынша өңірде көшбасшы болып табылады. Өткен жылы олардың жалпы сомасы $80 млн-ға жетті. CITIX, Hero’s Journey, Higgsfield AI және басқа да компаниялар елеулі инвестициялар тартты. Бұл компаниялардың кейбірі қазірдің өзінде $100 млн бағалауға жетті. Бұл жетістіктер Қазақстанның өңірдегі инновациялардың басты орталығына айналып келе жатқанын дәлелдейді», — деп мәлімдеді Жаслан Мадиев.

Нарықты кеңейту мақсатында министрлік Astana Hub технопаркімен бірге әлемдік IT-алыптармен ұзақ мерзімді серіктестік бағдарламаларын әзірлеуде, халықаралық өкілдіктер ашуда. Бұл өкілдіктердің міндеті таланттарды іздеу және отандық стартаптарға IT-салада жаңа мүмкіндіктер беру болып табылады.

TSARKA қолдауымен