Қазақстанда киберқауіпсіздік бойынша кәсіби стандарт бекітіледі

Қазақстанда киберқауіпсіздік бойынша кәсіби стандарт бекітіледі

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму министрлігі «Киберқауіпсіздік саласындағы қызмет» кәсіби стандартын бекіту туралы бұйрық жобасын дайындады.

Министрлік атап өткендей, бұл стандарт ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандардың біліктілігі мен еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы теңгерімсіздікті жою үшін құрылған Ұлттық біліктілік жүйесінің бір бөлігіне айналады.

Құжат компьютерлік жүйелер мен желілердегі деректерді қазіргі қауіптерден қорғаумен айналысатын мамандарға арналған. Жаңа стандарт мамандардың біліктілігіне қойылатын талаптарды жүйелендіріп, ретке келтіріп, олардың оқытуы, сертификаттауы және мансаптық өсуі үшін негіз қалайды.

Кәсіби стандарт әзірлеу «Кәсіби біліктіліктер туралы» заңына, 01-2017 ҚР ҰК Қызмет түрлері сыныптауышына, сондай-ақ кәсіби стандарттар әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілді.

Құжатта киберқауіпсіздік саласындағы негізгі кәсіптер көрсетілген, олар:

• ақпараттық қауіпсіздік әкімшісі,

• ақпараттық қауіпсіздік аудиторы,

• ақпарат қорғау инженері,

•қызметтердің қауіпсіздігі бойынша маман,

• деректер шифровальщигі,

• цифрлық технологиялар бойынша криминалист-маман және басқалары.

Кәсіби стандартты қабылдау ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандарды даярлау деңгейін арттыруға және елдің кадрлық әлеуетін дамытуға бағытталған.

TSARKA қолдауымен