Жасанды интеллект: пайда ма әлде қауіп пе?
Соңғы кезде әлеуметтік желілерде ескі фотоларға жан бітіп, видеоға айналғанын, тіпті баяғы сурет пен жаңа суреттерді бір-біріне байланыстырып жатқандарын да жиі көріп жүрміз. Мұны жасаған жасанды интеллект (ЖИ).
Жасанды интелект – бұл адамның дағдыларын жаңғыртуға қабілетті бағдарламалар, шығармашылық жұмысты компьютерлерге тапсыруға мүмкіндік беретін технологиялар жиынтығы. Мысалы: жоспарлау, нақты тапсырмаларды орындау, ақпараттандыру, іздеу және көптеген қызметтерді атқарады.
Қазіргі таңда жасанды интеллекттің мүмкіндігі күн санап артып келеді, әсіресе бизнес бағытында. Өткен жолы біз қазақстандық компаниялардың 81%-ы күн сайын CRM жүйесінде AI-көмекшісін пайдаланатындығы туралы жазған едік. Бүгін жасанды интеллекттің артықшылығы мен кемшілгі қандай, қоғам үшін пайдалы ма әлде қауіпті ме, осы сұрақтарға жауап іздейміз.
Жасанды интелект қай салада қолданылады?
ЖИ технологиялары бүгінде барлық жерде енгізілуде. Кез келген бизнес, мемлекеттік орган, өндірістік немесе сауда құрылымы, білім беру және медициналық мекемелер, тіпті бір адамның жұмысын автоматтандыру – мұның бәрінде жасанды интеллект қолданылады.
1. Банк секторы: Клиенттерге алғашқы қолдау көрсету үшін ЖИ-көмекшілер.
2. Маркетинг және сату: Контент жасау, CRM-дегі қоңырауларды талдау, маркетплейстермен жұмысты автоматтандыру.
3. Білім беру: Әрбір оқушыға курстарды бейімдеу, жеке-дара көмек көрсету.
4. Медицина: Медициналық суреттерді талдау және ауруларды диагностикалау.
5. Шығармашылық индустрия: Музыка, суреттер, дизайн және сайттар жасау.
Жасанды интеллекттің артықшылықтары
Жасанды интеллектке қатысты күн сайын сан алуан пікір айтылады. Дегенмен бір нәрсе анық, ЖИ - бизнес пен қоғам үшін көптеген артықшылықтар ұсынады. Ең бастысы, ол тиімділікті арттырып, жұмыс шығындарын азайтты және күнделікті қайталанатын тапсырмаларды 70%-ға автоматтандырады. Соның ішінде деректерді өңдеу, ақпаратты сұрыптау, стандартты сұрақтарға жауап беру, есептер дайындау және мәтіндер жазу бар.
Қауіпке келер болсақ...
Біріншіден, нейрондық желілердің галлюцинациялары, яғни олар қате шешімдер қабылдауы мүмкін. Жасанды интеллект жылдам, көп мәселеде адамға қарағанда тезірек шешім қабылдайды, бірақ оларда эмоция жоқ. Бұл кейде пайдалы, кейде зиян. Әсіресе тұтынушылармен байланыс орнату кезінде олардың жанды жерін түсіну үшін сезім керек. Ал роботтар мұны сезіне де, түсіне де алмайды. Егер тек ЖИ-ға сенер болсақ клиенттен айрылу мүмкіндігі де орнайды.
Екіншіден, дипфейктер (жасанды интеллекттің көмегімен сурет немесе дауыс жасау әдісі) жасау және жалған ақпарат тарату. Жасанды интеллект ақпараттың шындыққа жанасатындығын тексермейді, сондай-ақ өзі мәліметтерді ойлап табау ықтималы да бар.
Үшіншіден, нақты заңнамаға және этикалық нормаларға бағынбайды.
Еңбек нарығына әсері қандай?
Жасанды интеллекттің пайда болуымен жиі айтылып жүрген тағы бір мәселе, бұл жұмыс орындарының қысқаруы. Автоматтандыру кейбір жұмыс орындарын жоюы мүмкін, бірақ жаңа қызмет түрлерін де тудыруда. Нейрондық желілермен жұмыс істеуді меңгерген адамдар сұранысқа ие маман болады. Мысалы, жасанды интеллект шешімдерін тиімдірек және креативті ететін мамандарға сұраныс артуда.
Битрикс24 және жасанды интелект
Жасанды интелект көмегімен бизнес-процестерді автоматтандыру компанияларға қателерді азайтуға және тапсырыстарды өңдеу уақытын жылдамдатуға мүмкіндік береді. Мысалы, әңгімелесулердің нәтижесі автоматты түрде нысандарға толтырылады, чат-боттар 7/24 жұмыс істейді, тұтынушылардың қалауларын ескеріп ұсыныстар жасалады, міндеттер ұмытылмайды, бұл Битрикс24 компаниясы ұсынатын қызметтерінің кейірі ғана.
Ескеретін жәйттер
Жасанды интеллект толыққанды қызметкер емес, көмекші. Кешенді тапсырмаларды адамның қатысуынсыз жасай алмайды.
Жасанды интеллектпен жұмыс істеуге сұраныс артып келеді, кәсіпкерлердің жартысы бұл дағдылар үшін қосымша ақы төлеуге дайын екенін айтқан. Сондықтан жасанды интеллект технологияларын дамыту әрі қарай жалғаса береді. Бұған үйрену және мүмкіндігінше жылдам енгізу қажет.
Жасанды интеллектті толыққанды қызметкер ретінде дамыту бойынша нақты заңдар мен нормалар керек. Заңның қабылданбауы дамытуды тежеп ғана қоймайды, сонымен қатар алдағы уақытта бақылау мүмкіндігін азайтады.
TSARKA қолдауымен