ЖИ қазақстандықтарға электрондық еңбек биржасында жұмыс іздеуге көмектеседі

ЖИ қазақстандықтарға электрондық еңбек биржасында жұмыс іздеуге көмектеседі

2025 жылдың сәуірінен бастап Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жасанды интеллектті қолданатын автоматты вакансия іріктеу функциясы жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сәйкес, 1 қыркүйекке қарай жүйе ізденушілер үшін 50 мыңнан астам жекелендірілген ұсыным қалыптастырды.

Алгоритм түйіндемелер мен вакансияларды талдап, мамандық немесе мамандықтар тобы, күтілетін жалақы, тұрғылықты өңір және кәсіби дағдыларды ескереді. Бұл үшін табиғи тілді өңдеу және машиналық оқыту технологиялары қолданылады.

Ведомство бұл жобаның ізденіс уақытын едәуір қысқартқанын атап өтті:

● түйіндемені өңдеу 2 секундтан аз уақыт алады;

● қолмен вакансия іріктеу уақыты 80%-ға азайды;

● болашақта жұмыс іздеу процесін жылдамдатуды 90%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

Мамандардың айтуынша, бұл шешім түйіндемелер мен вакансияларды талдауды автоматтандырып, азаматтарға жұмысқа орналасуды жеңілдетеді және жұмыс берушілерге лайықты кандидаттарды жылдам табуға көмектеседі.

TSARKA қолдауымен