Жеке тиімділікті қалай арттыруға болады?

Көптеген адамдар мақсаттарына жету үшін жеке өмірінде, жұмысында бір нәрсені өзгертуге ұмтылады. Әсіресе әлеуметтік желілерде таныстарымыз жетістіктерімен мақтанған кезде біздің артта қалғымыз келмейді. Сондықтан тиімділікті, өнімділікті арттыру маңызды, ал оны неден бастау керек, қалай күш табуға болады? Мақалада осы мәселелерді талдаймыз.
Жеке тиімділік дегеніміз не
Жеке тиімділік - бұл мақсатқа жету және ресурстарды аз жұмсау қабілеті: уақыт, жүйке, ақша сынды. Жеке тиімділік дегеніміз — тек жоспар құру емес. Бұл — басымдықты дұрыс қою, энергияны үнемдеу, назарды шоғырландыру және өз-өзіңе адал болу.
Жалпы тиімділіктің ауқымы кең. Біз бизнес тұрғысынан қарастырамыз, жеке өмірге де аздап тоқталамыз.
Жеке тиімділікке не әсер етеді
Туа біткен қасиеттер. Бұл бала кезінен тән жиынтықтар: мінез, жеке қасиеттер. Мысалы, кей адамдарға көпшілікпен жұмыс істеу және байланыс орнату, көпшілік алдында сөйлеу оңайырақ. Кейбіреулер аналитикада, бағдарламалауға мықты. Сондықтан өзіңнің күшті жақтарыңды ескере отырып, мамандық пен хобби таңдау керек. Дегенмен бұл сіздің қиялыңыз бен тілектеріңізді шектемеуі керек. Тіпті ең сөзге шорқақ адам белгілі жүргізуші немесе PR маманы бола алады. Тек көп күш қажет.
Өзіңмен жұмыс. Үздіксіз өзін-өзі дамыту, өзіңіз қалаған адам болу. Яғни ештеңеге қарамастан тоқтасыз еңбек ету.
Қиындықтарға қарамастан жетістікке жеткен адамдар өте көп:
– Уолт Дисней "қиялы жоқ, идеялары нашар" деп жұмыстан шығарылды. Қазір Диснейдің мультфильмдерінсіз өмірді елестету қиын. – Джоан Роулингтің Гарри Поттерін 12 баспахана басып шығарудан бас тартқан, тек шағын баспагер ғана келіскен.
Қоршаған ортаң, айналаң. Кейбір адамдар бізді шабыттандырады, ал басқалары, керісінше, төмен қарай тартады - бұл жеке тиімділіктің дамуына да әсер етеді. Сондықтан айналамызды таңдай білу де маңызды.
Жеке тиімділікті қалай арттыруға болады: әдеттер мен әдістер
Жеке тиімділікті дамыту оңай емес, алайда дамытудың әртүрлі әдістері бар. Біз бәрін бұл мақалаға сыйдыра алмаймыз, сондықтан мақсатқа жетуге және жоспарлауға көмектесетіндерге назар аударамыз.
Архангельский әдісі. Глеб Архангельский – тайм-менеджент бойынша Ресейдің ең танымал маманы. Ол уақытты басқару туралы кітаптар жазды, онда бір жыл ішінде жұмыс және жеке мақсаттарға жетуге көмектесетін күнделік жасап шықты. Автор методикасы екі қағидаға негізделген. Олар: уақытты басқару бойынша әдіс-тәсілдерді білу және ақырындап күн сайын оларды өмірге енгізе бастау.
"Бақалар" – өзіңізге ұнамайтын істерді бірінші істеп тастау. Осылайша қалған уақытты жағымды нәрселерге арнауға болады.
"Пілдер" - бірнеше айға созылатын үлкен міндеттер. Мысалы, клиентпен келісімшарт жасасу, веб-дизайнды игеру, қымбат дүние үшін ақша жинау. Бұл міндеттерді орындау үшін күнделікті кішігірім әрекет жасаңыз: клиенттің сұрақтарына жауап беріңіз, бағдарламаның функциясын зерттеңіз, шығындар журналына шығындарды енгізіңіз.
Эйзенхауэр матрицасы. Басымдық матрицасын АҚШ-тың 34-ші президенті Дуайт Эйзенхауэр ойлап тапты. Матрица - бұл істер кестесі:
А - шұғыл және маңызды міндеттер. Мысалы, келіссөздер немесе дәрігерге бару. Егер олар орындалмаса, мансап пен денсаулыққа қауіп төнеді.
В - маңызды, бірақ шұғыл емес міндеттер. Оларды ақырындап жасауға болады, бірақ А санатына өтпеуі үшін созып та алмаңыз, Мысалы, егер сіз жұмаға жоба бойынша презентация дайындауыңыз керек болса, дүйсенбіде А тізіміндегі барлық тапсырмаларды орындаңыз, содан кейін ғана презентацияға өтіңіз.
С - құтыла алмайтын маңызды емес міндеттер. Бұл істерді басқа адамға тапсыруға болады. Мысалы, презентацияны өзге қызметкерге беріңіз, келіссөздерге дайындықпен айналысыңыз.
D - жұмысқа қатысы жоқ маңызды емес және шұғыл емес істер. Әдетте, бұл сериалдар мен әлеуметтік желілер, серуендеу және ойындар сияқты сүйікті іс-шаралар. Олардан мүлдем бас тарту мүмкін емес. Бірақ егер бұл тапсырмалар ABC-ге кедергі келтірсе, олардың санын нөлге дейін қысқартқан дұрыс.
Айтпақшы, матрицаның авторы Эйзенхауэрдің өзін замандастары жұмыс уақытында гольф ойнауды әдетке айналдырғаны үшін сынға алған. 2019 жылы психологтар демалыс күндері компьютер ойнаған немесе сериалдар көрген адамдар жұмыс аптасын көңілді бастайтынын, бірақ жұмаға қарай бұл көзқарас жоғалатынын, ал спортпен шұғылданатындар, медитация жасайтындар, музыка тыңдайтындар және басқаларға көмектесетіндер белсенділікті ұзақ сақтайтынын анықтаған.
Күнтізбе, уақыт трекерлері және мерзімдер. Бұл құралдар жұмыс уақытын бақылауға көмектеседі: тапсырмалар мен мерзімдер туралы ұмытпаңыз, не көп уақыт пен күш алатынын көріңіз.
Күнтізбеде немесе кез-келген қосымшада ертең не істеу керектігін жазып отырыңыз. Мұны кешке жасап қойған дұрыс. Егер бір аптаның кестесін білсеңіз, алдын-ала толтырыңыз.
Уақыт трекерлерінде қанша уақыт неге жұмсағаныңызды қадағалаңыз.
Кеңес:
– Есеп жазуға 3 сағат жоспарладыңыз, бірақ 5 сағат кетті. Неліктен?
– Мүмкін, әлеуметтік желіге алаңдадыңыз немесе деректер дайын болмады.
– Келесіде уақытты үнемдеп, дайындықты күшейтіңіз.
SMART-мақсаттар. SMART әдісі бойынша мақсаттар нақты әрі нәтижелі болуы керек:
S (Specific) – нақты
M (Measurable) – өлшенетін
A (Achievable) – қолжетімді
R (Relevant) – маңызды
T (Time-bound) – мерзімі шектеулі
Мысалы, жай ғана «Сатылымды арттыру» емес, «Жыл соңына дейін сатылымды 40%-ға арттыру, Up-sell әдісін қолдану арқылы» деп мақсат қойыңыз.
Хобби мен демалыс – күйзелісті жеңу жолы. Үздіксіз еңбек - жол емес. Ми мен денеге де демалыс қажет. Сүйікті іс табыңыз: би, сурет, музыка, кітап оқу, медитация, достармен уақыт.
Өз көңіл-күйіңізге инвестиция жасаңыз - бұл өнімділікке әсер етеді.
Жеке тиімділік пен CRM жүйесі: Битрик24 көмегімен қалай нәтижеге жетуге болады
Қызметкердің тиімділігіне әсер ететін фактор көп: дұрыс жоспарлау, уақытты басқару, мотивация... Бірақ цифрлық құралдарды ұтымды пайдалану да жеке тиімділікті бірнеше есеге арттыра алады. Бұл ретте CRM (Customer Relationship Management) жүйесінің орны ерекше.
Битрикс24 CRM - тек жұмыс процесін емес, қызметкердің жеке тиімділігін де арттыратын құрал.
Неліктен маңызды?
• Тапсырмалар мен клиенттер бір жүйеде
• Уақытты үнемдейді, тәртіпке үйретеді
• Барлық байланыс тіркеліп отырады• Мәміле неге үзілді — нақты талдай аласыз
• Команда бір платформада жұмыс істейді
Жеке тиімділік — бұл тәртіп пен саналы жоспарлауға негізделген өмір салты. Өнімді болу үшін күн сайын аз қадамдармен алға жылжу жеткілікті. Мақсат қойыңыз, энергияны бақылаңыз, жоспар құрыңыз, және ең бастысы — өзіңізге сеніңіз.