Жүргізушісіз ауыр жүк көлігі ERG-дің көмір өндіретін кен орнында миллион тоннадан астам тау массасын тасымалдады

Eurasian Resources Group (ЕRG) Қазақстанда алғаш рет өндірістік міндеттерді шешу үшін роботтандырылған автотүсіргілерді қолдана бастады. Осындай, жүргізушісіз 3 жүк көлігі бүгінде «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ «Восточный» кенішінің өнеркәсіп алаңында жұмыс істеп жүр.
Бүгінгі таңда жүргізушісі жоқ жүк көліктері тау-кен массасын тиеу-түсіру қосындары арасында үздіксіз тасымалдауға үшін қолданылады. Болашақта бұл өндірістегі өнімділік пен қауіпсіздік деңгейін арттыруға сеп болады.

Заманауи технологияларды қолдану адам факторын барынша азайтуға мүмкіндік берді. Қазір роботты техника кешеніне екі адам қызмет көрсетеді. Жүргізуші-оператор үш машина маневрлерінің жымдамдығын дұрыс таңдап, траекториясының және қауіпсіздік талаптарының сақталуын қадағалайды. Сервистік инженер кешенге қызмет көрсетеді, маршруттар құрады және тиеу-түсіру алаңдарын нақтылап отырады. Барлық жүргізушілер роботты техниканы басқару үшін қайта оқытылған.
«Восточный» кенішінің қызметкерлері, Business & Technology Services (BTS) ІТ- мамандары, мердігер ұйымның өкілдерінен жасқаталған енгізу командасы: өнеркәсіптік сынақта кешенді пайдаланатынкоманданың әрекетімен ұштастыра отырып, технологияның, самосвалдарды басқаруалгоритмдерінің және олардың қауіпсіздік жүйесініңтиімділігін көрсетті. Бұл тәсіл қауіп-қатерлерді азайтады, операциялардың дәлдігін арттырады және жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді.
Жүк тасымалдаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу – өндірісті цифрлық трансформациялау жолындағы маңызды қадам. Бұл бастама саланы дамыту үшін жаңа перспективаларға жол ашады және компания елдің ТМК технологиялық көшбасшысы ретіндегі ұстанымын нығайтады.